Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірегейліктің бейнесі - АРҚА АЖАРЫ

Бірегейліктің бейнесі

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы рухани әртараптанып, ұлттық тарихи құндылықтар мен жаһандандыруды мақсат тұтқан жасанды мәдениеттердің ара-жігін ажырата алмайтын деңгейге жеткен қазіргі кездегі адамдардың санасын серпілтіп, рухын жаңғырту үшін жасалған құнды мақала екені даусыз.

Әрбір елдің, әрбір ұлттың тарих сахнасында тек қана өзіндік бет-бейнесімен қалатыны белгілі. Мысыр туралы айтқымыз келсе Пирамида, қағаз туралы айтқымыз келсе Қытай, қайта өрлеу мәдениеті туралы болса Италия есімізге түседі. Елбасының көздеп отырғаны да дәл осындай ұлттық-мәдени даралықты насихаттау. Әлемдік өркениетте айрықша орын алған біздің мақтан тұтатын мәдени жетістіктерімізді санамалап айтып бергені де өткен жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық кодтарымыз осылар болады дегенді айтып отыр.
Атқа міну мәдениетіне байланысты ойлап табылған бір ғана шалбардың өзі тұрмыстық мәдениеттегі өлшеусіз жетістік болды. Біздің ата-бабаларымыз шалбар киіп жүрген кезде ежелгі өркениеттің отаны болып саналатын елдерде басынан аяғына дейін матаға оранып жүргені жасырын емес. Ұлы даланың адамзат тарихына қосқан көптеген жаңалықтары мен жетістіктері «Барлық мәдениет батыстан» деген еуроцентристік көзқарастың кесірінен әдейі айтылмай келгені рас. Аталған мақалада Елбасы біздің мақтан тұтар заттарымыз бен құндылықтарымыз мынау болады деп көрсетіп берді. Өркениетке барар жолда әркім өзіндік бет-бейнесі мен ерекшелігімен дараланатынын айтып берді. Елбасының бізге айтар ойы – төл тарихыңды таны, бағалайтын құндылықтарыңды біл, оларды өркениет жағдайына сәйкес мақтан тұт, санаңды жаңғырт дегенге саяды.

Қайырым КАБАР,
Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік
орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар