Өндіріс

Көкшетау қаласындағы «ЕНКИ» кірпіш зауыты өңірдің индустрияландыру картасына енген республикадағы ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.

Өндіріс Испанияның озық технологиясымен жабдықталған. Зауытта жылына 30 түрлі 60 миллион данаға жуық кірпіш шығарылады. Жыл өткен сайын кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Мұндағы мамандар жаңа технологиямен жұмыс істеп, өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіре түсуде. Солардың арасында осыдан бес жыл бұрын кірпіш сұрыптаушы ретінде бастаған Алмаз Бейсин бүгінгі күні оператор болып еңбек етуде. Өндіріс болған соң жұмыста іркіліс болмай тұрмайтындығы да анық. Дегенмен, өз ісінің шебері болғандықтан ондайға жол бермеуге, ал, орын алған күннің өзінде бұл тұйықтан тез шығуға тырысады. Сондықтан, ол ұжым арасында жоғары беделге ие. Осы аз уақыттың ішінде ол кәсіби тәжірибе жинақтап, жаңадан келіп жатқан жас мамандардың біліктілігін ұштауға ықпал жасауда. Сонымен қатар, Алмаз ұжымдағы әртүрлі спорт, мәдени шараларға да белсене қатысады.

Суретте: кірпіш сұрыптаушы Алмаз Бейсин.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар