«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аудан орталығынан орнын тепкен ескерткіштің ашылуы рəсіміне аудан әкімі Гүлнұр Сəдуақасова, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ахмедия Қожамсейітов, аудандық мəслихат депутаттары, қоғам белсенділері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, еңбек ардагерлері, жастар жəне БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша ескерткіш қоладан құйылған. Ал, тұғыры граниттен жасалған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.