Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабайдағы «Ботай мәдениеті» - АРҚА АЖАРЫ

Бурабайдағы «Ботай мәдениеті»

Бурабайдағы ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайын қазірдің өзінде 5 мыңнан астам турист келіп тамашалады.

2018 жылдың 8 шілдесі күні Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің ынтасымен және қолдауымен көрікті Бурабай баурайында «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығының ашылу рәсімі болып өтті. Астананың 20 жылдық мерекесі аясында өткізілген бұл шараға Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, жобаның авторлары, осы «Ботай» мәдениетін ашқан тарих ғылымдарының докторы, археолог Виктор Зайберт пен «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұханов және өзге де ғалымдар мен жұртшылық өкілдері қатысты.
Ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайы неолит дәуіріндегі этнопарк өңірдің туристік әлеуетін арттыруға зор ықпал етуде. Бір маусымның өзінде бұл мұражайға 5 мыңнан астам турист келіпті.
***
Астрахан ауданындағы «Тоғыз әулие» зираты да тарихшы ғалымдардың қызығушылығын арттырып отыр. Ал, Қорғалжын ауданы аумағындағы Астана қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Қазақ хандығын құрушылардың бірі – Жәнібек ханның кесенесі зерттелуде. Бұл бүгінгі Елордамыздың қазақтың этникалық жер аумағы қалыптасып, қазақ мемлекеттігінің бастау алған жерінде орналасқандығын білдіреді.
***
Биылғы жылдың 23 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің базасында «Отандық тарих және «Рухани жаңғыру» кафедрасы ашылды.
23 қарашада Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Туған жер – тұнған тарих» атты ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті.

***

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Ақмола облысында ұлттық асық ойындарының байқауы жиі өткізіле бастады. Қазіргі уақытта мектеп оқушылары мен жастар осы бір ежелгі асық ойынына зор қызығушылық танытып отыр. Халқымыздың өз ұрпағын ептілікке тәрбиелеу мақсатындағы бұл асық ойынын жандандыруға ел ағасы Мейрамбек Қиықов зор үлес қосып жүр.

***

Биылғы жылдың 15 қазанында Қазақстан Жазушылар одағының жұмыс тобымен бірге «Әдеби өлкетану» жобасы аясында жергілікті өлкетанушылар, облыстың мұрағаттары, музейлері мен кітапханаларының тарихи-этнографиялық материалдарын жинау жұмысы басталды.
Бұл жоба бойынша Ақмола мен Көкшетау өңірлерінің қасиетті де киелі жерлерінің тарихын зерттеу, зерделеу және соларды жазып қалың жұртшылықтың назарына ұсыну мақсаты көзделіп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар