Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған жер - АРҚА АЖАРЫ

Туған жер

«Туған жер» арнайы жобасын ақмолалықтар зор ықыласпен қабылдап, белсенділік танытып келеді. Ақмола облысының танымал спортшылары, меценаттар, табысты кәсіпкерлер өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға атсалысуда.
***
Ақмола облысы бойынша 2018 жылы «Атамекен» бағдарламасымен 2,1 миллиард теңгенің 41 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Кәсіпкерлер 176,3 миллион теңгенің әлеуметтік бағыттағы 11 жаңа нысан құрылысын жүргізді.
***
Биылғы жылы 8 миллиард теңгеден астам соманың 136 жобаларын жүзеге асырды. Меценаттар арасынан туған ауылдарын абаттандыруға көп қаражат құйып, оның көркеюіне зор үлес қосқандардың қатарында Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович Сауэр, «BI Group» серіктестігінің негізін қалаушы Бауыржан Әбдірашитұлы Исабаев, Есіл ауданындағы «Заречное» серіктестігінің директоры Уәлихан Сәпиұлы Әріпов, «Ново-Приречное» серіктестігінің директоры Валерий Николаевич Тюркин, Сандықтау ауданындағы «Свободное» серіктестігінің директоры Александр Александрович Закусилов және басқалары бар.
***
Ел азаматтары Бауыржан Әбдірашитұлы Исабаев пен Уәлихан Сәпиұлы Әріпов биылғы республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері атанды.
***
Целиноград ауданында жалпы құны 485,4 миллион теңгелік 7 жоба іске асырылды.
***
Наурыз айында «Отаутүскен» ауылында 50 орындық бастауыш мектеп пайдалануға берілсе, «Зеленый Гай» ауылында жергілікті клуб ғимараты мәдени-сауықтыру кешені ретінде қайта құрылып, бұған 101 миллион теңге қаржы жұмсалды.
***
Биылғы жылы тағы да жалпы құны 1,2 миллиард теңгенің екі жаңа мектебі, салынса, алдағы уақытқа «Ақмол» ауылындағы құны 698,7 миллион теңгенің 280 орындық балалар бақшасының құрылысы жоспарланған.
***
Сандықтау ауданында «Свободное» серіктестігінің директоры А.Закусиловтың жеке қаражатына 575 миллион теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылды. Жас мамандарға арналған екі пәтерлік 10 тұрғын үй салынып, балалар тасымалы үшін шағын автобус сатып алынды. Сондай-ақ, мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, хоккей корты қатарға қосылды және ауыл ішілік жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді.
***
Степногорск қаласында 334,4 миллион теңгенің 10 жобасы іске қосылды. Шілде айында Қ.Асаубаев 300 миллион теңгенің ғимаратын ақысыз беруі арқылы «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды.
***
Жергілікті іскер азаматтардың қолдауымен облыстың қалалары мен аудандарында құны 53,5 миллион теңгеден асатын 11 спорт алаңдары игілікке жаратылды.
***
Есіл ауданындағы «Заречный» серіктестігінің директоры Уәлихан Әріповтің бастамасымен 88,5 миллион теңгенің әлеуметтік мақсаттағы 6 жобасы жүзеге асырылуда.

***

Сандықтау ауданының «Максимовка» селосында салауатты өмір салтын қалыптастыру, селолық спортты дамыту мақсатында жабық хоккей корты пайдалануға берілді.
Шараға облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «Арлан» хоккей клубының басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары мен жергілікті серіктестіктің басшылары, село тұрғындары көптеп қатысты. Салтанатта аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның 90 жылдық мерейтойы жылы шаруашылық субъектілері есебінен ауыл-селоларда көптеген нысандар салынғанын атап өтті. Бұдан соң құттықтау сөз сөйлеген облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев пен «Арлан» хоккей клубының директоры Игорь Горьков өздерінің жүрекжарды тілектерін айтты.
Корт құрылысына Александр Закусилов басқаратын «Максимовский» серіктестігі 150 миллион теңге бөлген. Жалпы, корт 1,7 гектар алаңда орналасқан. Корттың ұзындығы 57 метрді, ені 27 метрді құрайды. Бұл континентальдық хоккей лигасының стандартына сәйкес келеді. Енді жергілікті жанкүйерлер аязды-боранды күндері жабық әрі жайлы трибуналардағы орындарда хоккейді тамашалайтын болды.

***

«Қайырымды ел – Ақмола» жобасы аясында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытындағы 1207 іс-шара атқарылды. Осының нәтижесінде 2 мың аз қамтылған отбасы, 5 мың бала мен 7 мыңға жуық кіріптар жанға 137,1 миллион теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.
***
Демеушілер қаржысына Бестөбе, Шаңтөбе кенттері мен Степногорское ауылында жалпы құны 3,9 миллион теңгенің модельдік кітапханалар және «Start Up Stepnogorsk» бизнес-инкубаторында 2 миллион теңгенің робототехника кабинеті ашылды.
***
«Ақ ниет – ізгілік шуағын төгейік» жобасы іске асырылып, ондағы 215 қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек қолын созуда.
***
Біздің облыстың бастамасымен тарихшы-өлкетанушылардың Солтүстік лигасы құрылды. Оған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары кірді. Бұланды ауданында бір мың оқушылар үшін өңірдің киелі мәдени-тарихи орындарына тур ұйымдастырылды. Бурабай ауданының 5-11 сыныптарының оқушыларымен ғылыми-зерттеу негізінде хрестоматия басып шығару үшін «Шағын отан энциклопедиясы» жобасы жүргізілуде. Облыстың 50 оқушысы биылғы жылдың шілдесінде Астрахан ауданының аумағындағы ХVІІІ ғасырдың кесенесімен танысу үшін археологиялық экспедицияға қатысты. Оқушылар ғалымдармен бірге сол заманның сәулеттік құрылысының ерекшелігін зерттеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар