Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Саққұлақ би кесенесі - АРҚА АЖАРЫ

Саққұлақ би кесенесі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өткізілген шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Ерейментау ауданындағы Саққұлақ би кесенесі жайлы деректермен таныстырып отырмыз.

Ерте кезде сот және тергеу қызметтерін қазақ билері атқарып, олар өздерінің шешендік сөздерімен барлық даулы мәселелерді әділ шешіп отырған. Қазақ билері әділ шешім қабылдайтын жеке қасиеттерге ие болғандығы содан.
Саққұлақ би (Сабден) 1800 жылы Ақмола облысы, Ерейментау ауданында дүниеге келген. Ол – Бөгенбай батырдың шөбересі. Саққұлақ би 12-13 жасында Бапан бидің қасында жүріп, шешендік өнерді үйренеді. Ал, 15 жасында шағын дауларды шешу ісіне араласа бастайды. Саққұлақ бидің шешендік сөздері: «Саққұлақтың Шоқанға берген батасы», «Ақыл туралы», «Төрт нәрседен қашық қыл», «Бұл да бір ғалымның бірі еді-ау», «Шыңғысқа өз аузынан айтқан көңілі», «Ғылым туралы», «Байдалы биге айтқаны», «Мұсаның өліміне айтқаны» және тағы басқалары.
Оның шешендік сөздері ғылым, білім, ерлік туралы философиялық терең ойларға толы. Шешен сөзінде терең философиялық ғылыми ой, білім, батырлық жатыр. Саққұлақ би 1888 жылы қайтыс болды, оның артында жеті ұлы қалды. Олардың ішінен Нұралы және Ералы деген балалары шешен және би болған екен.
Саққұлақ би кесенесі шикі кірпіштен салынған. Қасбеттердің қырлары сегізқырлы күмбезді көлем түрінде. Сегізбұрыштың оңтүстік-батыс қыры кірпіштің екі төменгі қатарына дейін бұзылған. Қалған қырлардың қабырғаларының қалдықтары 2,5 метр биіктікте сақталған. Ұрпақтарының бірінің аты жазылған ескі тастың жанындағы батыс қабырғаның маңында Саққұлақтың өзінің және екі ұлының аттарымен және өмір сүрген уақыттарымен үш жаңа қабір үсті ескерткіш орнатылған. 2000 жылы кесене қирандысында орталық композицияның сегізқырлы күмбезді саркофагы салынған. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл көлінің жағасында орналасқан кесене ХІХ ғасырдың сәулет ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар