Ақкөл – Қазақстандағы алғашқы «ақылды қала» болады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы тапсырма берген болатын.

Осыған орай, өткен жылдың мамыр айында ІТ-қызмет саласындағы көшбасшы «Tengri Lab» компаниясы «Ақмола электр желілерін үлестіру компаниясы» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, ERG, BTS Digital және Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп, «Ақылды қала» жобасын қолға алды.
«Tengri Lab» компаниясының бас директоры Әлімжан Есетовтің айтуынша, осы алты айдың ішінде біраз жұмыстар атқарылыпты. Ақкөл қаласы Астанаға жақын (100 шақырым қашықтықта) орналасқандықтан, жобаны осында жүзеге асыру қолға алынған. Сондай-ақ, қала тұрғындарының саны мен инфрақұрылымының орналасуы да өте қолайлы.
Жалпы, жоба қолға алынған алты айдың ішінде қала 4G және LoraWan желісіне қосылды, 4500 су есептегіш, 6000 электр қуатын есептегіш, көшелердегі 250 жарық шамдары ауыстырылды. Бұдан бөлек, 100 шақырым электр кабельдері алмастырылып, 70 интеллектуальды бейнебақылау камералары, қолжетімділікті бақылау жүйесі, мектеп және әкімдіктерде жеке тұлғаны сәйкестендіру, экологиялық бақылауды жүйесі, түтінді анықтайтын ақылды датчиктер, қоғамдық көліктер мен мемлекеттік көліктерді GPS-мoниторинг жүргізетін жүйелер орнатылды. Қаланың 3D картасы әзірленген.
Келешекте бұл жүйелер осыған дейін қолжетімсіз болған өзге де мәліметтерді анықтап, енгізетін болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар