Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дала тарихының жаңа кезеңі - АРҚА АЖАРЫ

Дала тарихының жаңа кезеңі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы еліміздің терең тарихы мен ұлтымыздың қилы тағдыр бастауларына үңіліп, оны жете түсінуге бағыт сілтейді. Мақалада аталған жеті құндылықтарды біреу білсе, біреу білмеген. Ал, болашақ ұрпаққа бұл жаңа тарих беттері деп айта аламыз.
Ата-бабаларымыз тіршілік-тынысында жылқы малының алатын орны баршаға аян. Мұны «Қазақ жылқы мінезді» деген тәлсімнен де аңғарамыз. Ал, Қазақстанның «Тутанхамоны» атанған «Алтын адамның» өн бойынан қазақ деген халықтың өнері мен сән-салтанатын, салт-дәстүрін, дала тұрғындарының ғажайып ғұмырнамасының саналуан қырын анық байқаймыз. Өр Алтай, асқар Алтай деп әнге қосқан өлке сұлулық үлгісіндей деп тамсансақ, дүниеге ақыл-ойдың алыптары Әбу Насыр Әл-Фарабиді, Қожа Ахмет Яссауиды әкелген Отырар – орта ғасыр тарихының жауҺары, ал, «Ұлы Жібек жолы» Батыс пен Шығысты жалғаған бірден-бір күре тамыр болды.
Біз өмір сүріп отырған өңірде, осы мыңжылдықтың ортасында Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы даланың жаңа кезеңі басталды. Алтайдың асқар таулары Қазақстанның ғана емес, барша Түркі әлемінің бесігі саналатыны анық. Жаңа облыс орталығы Түркістанның ашылуы, оны дамыту, беделін арттыру түркі тілдес елдердің ішінде туризмді дамытуға сенімді септік жасайды.
Мақалада аталған жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орынды және заманауи жалғасы болып табылады. Біз Елбасы аузымен айтылған ұлы жоспарларды одан әрі жалғастыруға міндеттіміз. Өткенді мақтан тұтып, бүгінгі болмысты нақты бағалай білу, болашаққа сенімді көзқарас таныту – еліміздің табысты өркендеуінің кепілі екендігі айдан анық.
Елбасының осы мақаласы ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін заман талабына сай дамытуға, өзгеде жоқ мақтанарлық құндылықтарымызды одан әрі толық ашуға, жаңа сипатта молайта беруге белсене атсалысуымызды талап етеді. Біз бұған дайынбыз. Ұлы даламыздың асты мен үстіндегі көпшілікке белгісіз тамаша тарихынан сусындап, оны болашақпен байланыстыра білу, дамыта түсу, болашаққа жарқыратып жеткізу, келешек иесі жастарға аманат етіп табыстау біздің асыл мақсатымыз деп санаймын. Ұлы даланың ұлық мұраттары салтанат құратындығына сенім баршамызды биік белестерге жетуге жігерлендіре түседі.
Ерлан Исабеков,
Егіндікөл ауданының әкімі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар