Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аттандық әскерге!.. - АРҚА АЖАРЫ

Аттандық әскерге!..

«Достар» мәдениет сарайында «Әскер қатарына шақырылғандар күні» атты жастардың патриоттық акциясы болып өтті. Шарада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылған жігіттердің өз Отанын сүюге, Отан алдындағы азаматтық борыштарын адал атқаруға шақырды және әскерге шақырылғандарға естелік сыйлықтар табыс етті.

Дәстүрлі түрде өткізілетін «Әскер қатарына шақырылғандар күні» атты жастардың патриоттық акциясы қазақстандық әскер қатарына салтанатты шығарып салуға арналған. Салтанатты шарада алдымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, еліміздің Әнұраны шырқалды. Бұдан кейін өңір басшысының орынбасары сөз сөйлеп, әскер нағыз ер адамдардың өмір мектебі екенін, бұдан 27 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылғанын атап өтті.
–Қарулы Күштер қатарында қызмет ету үлкен абырой. Біз бейбіт елміз. Көрші елдерге қоятын талабымыз жоқ. Тәуелсіздігіміз бен өз шекарамызды қорғау үшін елімізде әрқашан жоғары мобильдік, жақсы қамтамасыз етілген сенімді әскер, жан-жақты дайындалған Отанды қорғаушылар болуы тиіс,–деді Асқар Мұратұлы. Бүгінгі таңда қазақстандық әскер – бұл қазіргі заманғы техникамен және қарумен жабдықталған, мықты күш пен жедел қимылдайтын, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды шешуге қабілетті әскер. Ол жөнінде Ақмола облыстық қорғаныс ісі департаментінің басшысы Руслан Қасымов айтып берді. Тәуелсіздік жылдары қазақстандық Қарулы Күштер өз әлеуетін күшейтіп, тәжірибе жинақтады. Ширек ғасырда әртүрлі өзгерістерді басынан өткерді. Біздің мықты әрі шағын әскер бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің тыныштығын және сыртқы қауіптен мемлекетті қорғаудың тірегі атанды.
Шара барысында Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағының төрағасы Дуанбай Ыбырай, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер жоғарғы президиумының құрметті мүшесі Мұса Елеусізов пен әскер қатарына шақырылушылардың ата-аналары жүрекжарды сөздерін айтып, жігіттерге сәт сапар тіледі. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар