Данышпан Абайдың сөзіне жазылған әндер өте көп. Оның әндеріне еліміздің көптеген композиторлары ән жазған.
Атап айтатын болсақ, Абай поэзиясын әнмен тербеткендер Сыдық Мұхамеджанов, Мұқан Төлебаев, Әблахат Еспаев және тағы басқалары.
Абай тек ән шығарушы, ән-күйдің әділ сыншысы ғана емес. Ол ән мен күйге қатысты өзіндік ойларын да білдіріп отырған. Мәселен, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер койнына кірер денең…», немесе «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй».
Бүгінде бұл мұраларды Ұлттық академиялық кітапхана қорынан «Абай сөздеріне жазылған әндер» атты кітаптан оқуға болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.