Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағайындаулар - АРҚА АЖАРЫ

Тағайындаулар

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті аппарат кеңесінде облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған Ербол Жақсылықов пен Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалған Айнагүл Жанәділованы таныстырды.

Ербол Жақсылықұлы Жақсылықов 1976 жылы Көкшетау қаласында туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласы аппаратының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.
2004-2008 жылдары Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болды. Әр жылдары «Ақтау теңіз порты» Ақтау экономикалық аймағы дирекциясының директоры, «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма басшысы болған. Жеке кәсіппен айналысқан.
2017 жылдың қазанынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып қызмет істеді.

Айнагүл Балғожақызы Жанәділова 1973 жылы Көкшетау қаласында туған. ШоқанУәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы Алматы гуманитарлық университетін тәмамдаған.
1999-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасында қызмет атқарды.
2012-2018 жылдар аралығында аталған басқарма бастығы орынбасарының қызметінде болды.
Жаңа қызметке тағайындауға дейін Ақмола облысы бойынша статистика департаменті заң басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар