Жастай берген тәрбие тал шыбықты игендей…

Көкшетау қаласындағы емдеу және алдын-алу мекемелері мамандарының көшпелі бригадасы Бурабай ауданындағы «Звездный» және «Самұрық» балалардың сауықтыру лагерьлерінде болып қайтты.

Аталмыш шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының және қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологтары Наталья Молодовская мен Эльмира Приходько және Ақмола облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының социологы Нұрлыбек Қоныспаев қатысты. Айта кету керек, Көкшетау медициналық мекемесінің осы үш қызметкері жазғы маусымда бірлесіп жұмыс істейді. Олар сауықтыру лагерьлерінде балалармен мақсатты профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді.
– Осындай сапарлар барысында мен балалар үшін салауатты тамақтану қағидаларын ұстануға, спортпен шұғылдануға, жаңа достар табуға, салауатты өмір салтын ұстанатын құрдастарымен қарым-қатынас аясын кеңейтуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткіземін, – дейді
Н. Молодовская. – Атап айтқанда, танымдық сабақтар аясында олар коллаждар мен плакаттар салады, өздерінің болашақ өмірлерін қалай елестететінін, айналадағы адамдардың зиянды әдеттеріне өз көзқарастарын ортаға салып, ой бөліседі.
– Ал, мен жазғы демалыс лагерьлеріндегі балалармен қарым-қатынас барысында олардың ұйымшылдығына бағытталған команда құру бойынша тренингтер өткіземін, – дейді Э.Приходько.
– Тренингтерге 8-12 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады, сондықтан, олар үшін таза ауада белсенді, қозғалмалы, көңілді және қызықты ойындар ұйымдастырамыз. Осылайша олар алған білімдерін оңай игереді. Н. Қоныспаевтың айтуынша, биылғы жазда ЖИТС орталығының қызметкерлері басқа медициналық мекемелердің мамандарымен бірлесіп, сауалнама жүргізу және ақпараттық-білім беру материалдарын тарату және алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қала сыртындағы балалар лагерьлеріне үнемі барып отырған. Жалпы, осындай танымдық кездесулер өңіріміздің басқа да жазғы лагерьлерінде жүйелі өтіп тұрады. Ағымдағы жылы осындай іс-шараларға барлығы 500-ден астам бала қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген
Шыңғыс ТӘШЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар