Сандықтау ауданында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған оқулықтар таныстырылды.
Балкашино селосындағы №1 орта мектепте өткен алғашқы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Шарада «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Сейітқазин мен Жастар ресурстық орталығы ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Гүлзат Бекбауова 9-10 сынып оқушыларына аталмыш кітаптарды үлестірді. Оқулықта философия, социология, психология, экономика, тіл меңгеру, кәсіпкерлік, дінтану, антропология, журналистика салалары қамтылған.
– Жоғары оқу орны немесе арнайы орта білім беретін колледжге оқуға түсіп, біліміңді одан әрі шыңдау қажет. Осы кезде, сіздерге әдеби кітаптардың көмегі көп, – деп атап өтті «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Сейітқазин.
Жалпы, қыркүйек айының соңына дейін ақпараттық-насихат тобы облыстың барлық аудандарында болып, осындай кездесулер өткізбекші.