«Арқа ажары» көтерген мәселе

Газетіміздің 2019 жылғы 26 қарашадағы №139 санында тілшіміз Ұлмекен Тыныштыққызының «Тоқсан жылғы тарихы бар мектеп қырық бес жыл бойы күрделі жөндеу көрмей келеді» атты сын мақаласы жарияланған болатын. Жуырда осы мақалаға Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Р.Ғабдуллинаның жауабы келді.

«Газетте жарық көрген мақалаға қатысты білім беру мекемелерінің ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, олардың жағдайларын жақсарту мәселелері аудан басшылығының тұрақты бақылауында екенін және біртіндеп қаржыландырылуына қарай шешіліп келе жатқанын хабарлаймыз.
Соңғы жылдары 5 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, оған жалпы алғанда, 559,562 миллион теңге жұмсалды. Соның ішінде 2014 жылы 52,1 миллион теңгеге Симферополь орта мектебіне, 2017 жылы 33,2 миллион теңгеге Дөңгілағаш негізгі мектебіне, 2015 жылы 20,4 миллион теңгеге Ақкөл орта мектебіне, 2018 жылы 279,7 миллион теңгеге Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназия-сына, 2019 жылы 139,2 миллион теңгеге Еленовка орта мектебіне жөндеу жұмыстары атқарылды. Оған қоса, жоғарыда айтылған Дөңгілағаш мектебіне қазандық құрылысы үшін 35,1 миллион теңге бөлінді.
Ғимараттарды күрделі жөндеуге арналған сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін айтарлықтай қаражат талап етілетінін атап өткен жөн. Осылайша Шағалалы орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі уақытта аудандық бюджет қаражаты есебінен техникалық тексеру жүргізіліп, сараптама мен жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2,5 миллион теңге бөлінді.
Абай мектебінің ғимаратын жөндеуге қажетті құжаттарды әзірлеу мәселесін шешу үшін қазіргі уақытта аудандық бюджетте қаражат жоқ, дегенмен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар