Сауалдарын қойып, толымды жауап алды

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша

Ашық есік күні өтті. Азаматтарды қабылдауды басқарма басшысы Дина Ахметжанова жүргізді.

Сондай-ақ, оған ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Әсем Ілиясова, Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасарлары Алтын Ақбарова, Шолпан Рахматуллина, әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік көмек және ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Әсел Қазиева, еңбек нарығының мониторинг жүргізу және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Людмила Бусс, халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Азамат Жәмбеталин, көші-қон бөлімінің басшысы Едіге Исенов, еңбек пен әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрлан Шериязданов қатысты.
Қабылдауға 30-дан астам адам келіп, жұмысқа орналасу, аутизмге шалдыққан балаларды оқыту орталықтарын ашу, мүгедектерді жұмысқа орналастыру, мүгедектікті анықтау, оралман мәртебесін алу, зейнетақымен қамсыздандыруға арналған әлеуметтік орталықтар ашу туралы түрлі сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін білдірді. Қабылдауға келген Көкшетау қаласының тұрғыны, зейнеткер қария құлағының мүкістігі барын айтып, құлаққа арналған еститін апаратты қайдан, қашан алуға болатындығын сұраған еді. Ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Әсем Ілиясова қарияның өтінішін қабылдап жылдың соңы болғандықтан, еститін аппаратты биыл ала алмайтындығын, келесі 2020 жылдың алғашқы айларында алуға болатындығын айтып түсіндірді. Сонымен қатар, жанына көмекші күтуші сұраған қарияға ондай мүмкіндік тек бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ғана берілетіндігі түсіндірілді. Ал, зейнеткердің өзі үшінші топтағы мүгедек екен.
«Асыл аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсел Базарбаева аз қамтылған, жалғызбасты аналарға қолдау көрсету орталығын ашу және жастар практикасында заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер мамандарын даярлау жөніндегі сұрақтармен келген екен. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова бұл сұрақтың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қарастырылатынын айтып, жас-тар практикасына мамандарды жіберу мәселесі бойынша Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығына тапсырма берді.
Үй шаруасындағы әйел Залина Смаилова балаға күтім жасау, баланың мүгедектігін анықтау мәселесі бойынша келіпті. Оған Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Шериязданов жауап берді.
Жәмилә Нарымбаева Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мәселесімен жүгінген болатын. Көші-қон бөлімінің бастығы Едіге Исенов құжаттар жинап, Ақмола облысы бо-йынша көші-қон департаментіне бару қажеттілігі туралы айтып, ауызша түсіндірді.
Ашық есік күніне келген тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, шешілмеген мәселелерін айтып жатты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар