Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шаңырақ шаттығы - АРҚА АЖАРЫ

Шаңырақ шаттығы

«Балаға жақсы тәрбие бергің келсе, өзіңнен баста» деген халық даналығымен толықтай келісемін. Бала тәрбиесінің негізі отбасында қаланады. Сондықтан, жолдасым екеуіміз балаларымызға үлгі болуға, әрқайсысын еліміздің абыройлы азаматтары мен азаматшалары етіп тәрбиелеуге барынша тырысып келеміз», – деп бастады әңгімесін жуырда «Жас Ақмола» дәстүрлі облыстық жастар жүлдесімен марапатталып, «Үздік жас отбасы» аталымын жеңіп алған Бижановтар отбасының отанасы Бәтеш Өмірзаққызы.
Алмаз және Бәтеш Бижановтар 2008 жылы отау құрған. Бүгінде жас отбасының Фатима, Муслима есімді қырмызыдай қыздары, Ибрагим, Әли және Мәди есімді ұлдары бар.
Бүгінде отағасы Алмаз Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет атқарады. Өзі жуырда ғана отызға толған екен. Ал, жұбайы Бәтеш тұрмысқа шыққаннан кейін өзін толығымен үй шаруасы, бала тәрбиесіне арнағанын айтады.
Осы арада айта кетейік, Бижановтар отбасы 2015 жылы көп балалы жас отбасылардың арасында өткен «Есте болсын жанұя» облыстық байқауына қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алған.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар