Көктемгі су тасқынының алдын алу қажет

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев төтенше жағдайлардың алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі облыстық комиссияның мәжілісін өткізді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы А.Советов өңірдегі қар мен ылғал қоры 10 ақпандағы жағдай бойынша 30 пайызға, ал, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 62 пайызға артық екендігін атап өтті.
–Бұл – көктемгі қар еру кезінде күрделі жағдайлардың орын алатынынан дерек береді. Соған қарамастан, су тасқыны орын алуы мүмкін аумақтарда алдын алу шараларының ұйымдастырылуы әлсіз. Мәселен, Аршалы ауданында 2020 жылдың төтенше жағдайлар резервіне қаржы қарастырылмаған, ал, тосын шығындарға небары 0,2 миллион теңге бөлінген. Былтыр елді мекендерден 33 мың текше метр қар шығарылса, биылғы 13 ақпандағы көрсеткіш 8,2 мың текше метрді құрап отыр. Астрахан ауданында да осындай келеңсіздік орын алған. Жанар-жағар май (2019 жылы – 22,3 тонна), инертті материалдар (2019 жылы – 747 тонна), қап (2019 жылы – 3 мың дана болған) қоры қамтамасыз етілмеген. Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласында да төтенше жағдайларға байланысты резервтік қаржы қарастырылмаған. Аталған аудандардағы су қоймаларын тәртіпке келтіру, инженерлік техникалармен жабдықтау талап деңгейінен төмен. Сондықтан, дайындық мәселесі қатаң сұралуы керек,–деді А.Советов.
Кеңесте, сондай-ақ, Есіл бассейні инспекциясының басшысы Д.Бекмағамбетовтің, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Жанғасқановтың, Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеевтің, Атбасар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Қамбатыровтың есептері тыңдалып, талқыланды.
Кеңес қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдап, онда белгіленген тапсырмалардың нақты орындалу мерзімдері атап көрсетілді.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар