Қазіргі қоғамда «Ер – түздікі, әйел – үйдікі» деп бір жақты пікір айтып отыра алмаймыз. Себебі, бүгінгі әйел бейнесі іскер кәсіпкер, басшы қызметкер сынды лауазыммен толыққан.
Қазіргі қоғамда «Ер – түздікі, әйел – үйдікі» деп бір жақты пікір айтып отыра алмаймыз. Себебі, бүгінгі әйел бейнесі іскер, басшы, қызметкер сынды лауазыммен толыққан.
Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Бүгінгі күні ақ жаулықты аналардың да жетістікке жетіп, табысқа кенелуіне, сондай-ақ, талай-талай асу алып, биік белесті бағындыруға білімі мен білігі жеткілікті. Демек әйелдердің қазіргі қоғамда атқарар рөлі орасан. Мәселен, Ерейментау ауданына қарасты Ақсуат ауылының маңындағы Өрнек жайлауында тұратын Ырымтай Құдасова 2007 жылы «Үміт-Н» шаруа қожалығын ашып, бүгінгі күні ет және сүт бағытындағы ірі қара мал басын 300-ге жеткізді.
–Малды үш адам бағады. Екі тұрғын үй салдық. Тауарлы-сүт фермасында 100 бас сиыр бар. Мал толық төлдеген кезде жұмысқа сауыншылар аламыз. Сүт өнімдері Нұр-Сұлтан, Екібастұз, Ерейментау қалаларында сатылады. Ет бағытындағы ірі қараны Новомарковка селосындағы мал бордақылау алаңына өткіземіз,–дейді шаруа қожалығының басшысы Ырымтай Құдасова.
Мұнда мал азығы үшін 700 гектар алқапқа арпа мен бидай егіледі. Малдар1200 гектар жерде жайылады. Шаруашылықта 40 жылқы, қаз-үйрек бағылады. Құдай қосқан қосағы Наурыз Құдасов та мал бағудың қыр-сырын жете меңгерген жан. Ырымтай Ерейментау ауданындағы Елтай ауылының тумасы. Аудан орталығындағы орта мектепті, Павлодар қаласындағы кооператив училищесін бітірген. Трактор зауытында жұмыс істеп жүргенде электромонтер Наурыз Құдасовпен танысады. Көңілдері жарасып, 1992 жылы отбасын құрады. Алғашында 20 бас ірі қара бақты. Мемлекет қолдауының арқасында кәсібін өрге сүйреген еңбекқор отбасы алдағы уақытта мал басын одан әрі көбейтуді жос-парлап отыр.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Ерейментау ауданы.