Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары - АРҚА АЖАРЫ

Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары

Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатының көне қолжазбасы толық өңдеуден өткеннен кейін 1968 жылы Ливанның Бейрут қаласында М.Махдидің басшылығымен тұңғыш рет басылып шыққан еді. Біз бүгін осы трактаттан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Айдынгүл Хаванның араб тіліндегі түпнұсқадан аударған үзіндіні оқырман назарларына ұсынып отырмыз.

(Жалғасы. Басы газеттің өткен сандарында).
Төртінші бөлім. Алдымен онда (адамда) табиғи болып табылатын нәрселердің жік­темесі беріледі, адамның жаны (нәпсі), жан қуаттарының саны, олардың әр­қайсысының әрекеті не екендігі және бірі-бірлерінен мәртебелері не болатындығы осыған жатады.
Содан кейін оның барлық дене мү­шелері мен олардың мәртебелерінің жіктемесі келеді, жан қуаттарының қай­сысы қай мүшеде екендігі, қайсы қуаттардың басқарушы қуат екендігі әрі олардың басқарудағы мәртебелері не екендігі, олардың қайсысы қызмет ат­қарушы екендігі және қызметтегі мәр­тебелері не болатындығы, адамның адам­­нан қалай пайда болатындығы, ер деген не, әйел деген не, ол екеуінің әр­қай­сысының бір-бірінен мәртебесі және әрқайсысының қуаттары не екендігі, ол екеуінен бала қалай туылатындығы, ер­кектің баладағы үлесі, сондай-ақ әйел­дің баладағы үлесі қандай болмақ екен­дігі, ең алдымен қайсы мүше, сосын қай мүше пайда болатындығы, адам­да ақылдың (зерде) қалай пайда бо­лат­ындығы, әрекетшіл ақылдың ес айма­ғына (ойлау бөлімі) қалай ықпал ете­тіні, алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндердің қанша түрі болатындығы, адамда өз қалауынсыз алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндердің әрекетшіл ақылдан қалай пайда болғандығы жө­нінде айтылады.
Содан кейін, қалаудың мағынасы не екендігі, таңдаудың  мағынасының не екендігі, ол екеуінің арасындағы парық не, адам болмысы тән болатын түпкілікті бақыт деген не, бақыт жолынан тайғанда адам баласына келетін азап жайында, шын мәнінде, адам ол екеуіне өз қалауы және өз таң­дауы арқылы келетіндігі және қалай келетіндігі, көркем, ізгілікті іс-әрекеттер дегеннің мағынасы не, жаман қылықтар мен ерсі әрекеттер дегеннің мағынасы не екендігі жөнінде әңгімеленеді.
Содан кейін, түс көру мен елестетудің түрлері еске алынады, олардың жан бөлімдерінің қай бөліміне жататындығы, шынайы елестету деген не және жан қуаттарынан қай қуатты алатындығы, шынайылығы қалай дәлелденетіндігі, қалай және қай жағынан дәлелденетіндігі, елестету сөзіне апаратын әдіс не, алда болатыннан ескертетін және айтқандары тура келетін қауымның қалай пайда болатындығы жөнінде айтылады.
Содан кейін, уахи (аян) қалай болатыны, өзіне уахи келген адамның оны қандай қуатпен қабылдайтыны және Алла тағала қай періште арқылы өзіне уахи берілуі тиіс адамға уахи ететіндігі жөнінде әңгіме болады.

Бесінші бөлімде адамның өз қалауы арқылы бар болған нәрселер туралы; адам қоғамдарына қажеттілік осыған жатады.
Содан кейін, адам баласы ұмтылған (алдына қойған) мақсаттарына жетуде бір-біріне көмекке келуіне жол ашатын қоғам түрлері еске алынады, ол қоғам­дар­дың қайсысы үлкен, қайсысы кіші және орташасы қайсы екендігі. Аза­маттық қоғам деген не және оның басқа қоғам түрлерінен айырмашылығы қан­дай, ізгілікті қала деген не, бұл қала қандай үйлесімділіктен құралған және бөлімдерінің саны қанша, бөлімдерінің бөлімдерінен мәртебелері не болмақ, оның басқару әдістері не, ол қалай реттеледі, қалай бір-бірімен байланысты әрі жүйелі болады. Ол қаланың патшасы мен бірінші басшысы қандай болу керек, қала патшасы лауазымына лайықты болуы үшін оның қанша шарты болуы керек, ізгілікті қаланың патшасы лауазы­мына ұсынылуы үшін туғанынан, сәби кезінен және жастық шағынан қандай белгілері мен шарттары болуы тиіс екендігі, ізгілікті патша кәсі­бін иеленуге оны тәрбиелейтін әдеттер мен өнерлердің не екендігі. Бұл қаланың бірінші басшысы ұстанатын басшылық түр­лерінің қандай болу керек екендігі туралы.
Содан кейін, ізгілікті қалаға қарама-қарсы қалалардағы қоғам түрлері келе­ді, олардың надан қалалар, адасқан қа­лалар, пасық (бұзылған) қалалар екен­дігі, олардың патшалары туралы, ол патшалардың қандай екендігі және әрқай­сысының басшылығы қандай болмақ және ол басшылығы неден тұратындығы, бөлімдерінің әрқайсысы бір-бірлерімен қалай байланысатыны, шамамен не нәрсеге ұмтылатындары, қандай мақсатқа жету үшін бір-біріне көмекке келетіндігі жөнінде.
Содан кейін, ізгілікті қала тұр­ғын­дары­ның жандары ақыретте (өлгеннен кейін) жететін бақыттың түрлері еске алынады. Ізгілікті қалаға қарама-қарсы қала тұрғындарының жандары ақыретте тап болатын азаптың түрлері және қала тұрғындарының қайсысы апат құшатыны еске алынады.
Содан кейін, ізгілікті қала тұрғын­дарының жоғарыда айтылған бақытқа жетуі үшін және аталған азаптан арылуы үшін бірлесе отырып әрқашан қолдануы тиіс немесе сонымен жұмыс жасауы тиіс болатын нәрселердің түрлері және өздеріне тиесілі бір қала болмаған жағ­дайда ізгі қаланың тұрғындары екен­діктерін ерекшелеп тұратын әрі өз қалаларына қарама-қарсы қалаларда өздері жат көрінетін белгілері еске алынады.
Содан кейін, ізгі қала тұрғындарын ақиқаттың өзін емес, оның мысалдары болып табылатын нәрселерде түрлі болуға мәжбүрлейтін себеп еске алына­ды, ол айырмашылық бірдей, ұқсас нәрсеге бағыттайтыны және олардың арасында қайшылық пен дұшпандық емес, керісінше ымыра бар екендігі әрі олардың айырмашылығы өнер иелерінің өз өнерлеріндегі айырмашылық мысалына жақын нәрселер екендігі еске алынады.
Бұдан кейін, ізгі қалаларда жасап жат­қан­ адамдар мен олардың салғырттығы бұл қалалардың жойылуына себеп бола­тындығы, ол адамдардың түрлері қанша екен­дігі, әрқайсысы бір-бірімен не ар­қылы байланыс жасауы керектігі еске алы­нады.
Алтыншы бөлім надан көзқарастар мен қоғамдар, надан қалалар және на­дан бас­­­шылықтардың түрлері келіп шы­­ға­тын бұзылған негіздер ес­ке алынады. Содан кейін, адасқан көз­қарас­тар мен қоғамдар, адасқан қалалар мен адасқан басшылықтардың түрлерін қа­лыптастыратын бұзылған негіздер еске алынады.
Оның біріншісі табиғи болмыстардағы бұзылған негіз. Содан соң, бұзылған негізге негізделген болмыстардағы олар үшін көзқарас бастамасы болып кө­рінген нәрселер. Содан кейін, бұзылған негізден туындаған табиғи және қалаулы болмыс-
тар мен оларға олардан көрінген нәрселер арқылы оларда пайда болған әртүрлі ойлар жөнінде. Алдымен, на­дан көзқарастарды қалыптастыратын ойлар еске алынады. Содан кейін, надан көзқарастардың бірінен кейін бірінің жіктемесі беріледі және олардың әрбірінен надан қоғамдар мен надан қалалар, надан басшылықтар мен надан діндер қалай пайда болатыны келеді. Егер адам надан діндердің бірінің негізін білсе ол діндегі әрбір қарама-қайшы, үйлесімсіз нәрсе оған жеңіл болады әрі оның негіздерін түгелімен қабылдайды.
Сосын, бұдан кейін, адасқан бас­шылар мен саясаткерлер ұстанған дін­дер келіп шығатын адасқан пікірлерді тудырған ойлар еске алынады.
Осы жерде, бүгінде ұлыстарда кезде­се­тін надан және адасқан діндерден алын­ған мысалдар еске алынуы керек еді, де­генмен, оған қосымшаларда қайта оралуды жөн көрдік. Сосын, бұдан кейін, адасқан діндерді адамдарды адасу­ға ұластыратын сенімнің негізі етіп, оны­мен заң шығарғандардың барлығы қол­данатын көптеген заттың көпшілік көрнеу жағдайларда өзінен тарайтыны туралы қиялданған жандардың ізімен жү­ретін басқа бір негізге ауысамыз. Бұл адасқан діндердегі көзқарастар мен ша­ри­ғаттардан ұстануға, ден қоюға және одан ажырамауға тиіс әрі өзі қолданған сол заттарға тиесілі болған жағдай. Осы не­гізді қорытындылауда оның қарама-қар­сы түрінің тұрпайы екенін еске аламыз.

Араб тілінен аударған
Айдынгүл Хаван.

Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Араб тілінен аударған Айдынгүл Хаван.

Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар