Қазақ білсін!

Жасырары жоқ, көбіміз мал союды, мал етін мүшелеп бұзуды да біле бермейміз. Бүгін біз біле жүрейік деген ниетпен мал етінің кейбір мүшелеріне қатысты атауларды ұсынып отырмыз.

Бас – ірі қарада екі шекеге бөлінеді.
Жақ – ұсақ малда тілмен тұтас жүреді. Ірі малда жақ екіге айырылып, тілі бөлек беріледі.
Жақ ет, ұрт ет – ірі қаралардың жақ еті бөлек алынып, қуырдаққа пайдаланылады.
Мойын ет – алты буын.  Сыйлы адамдарға, қонаққа табаққа салынбайды.
Бұғана – екі жақта үш-үштен алты тал. Бұғана сыйлы табаққа салынбайды.
Қара қабырға – алты тал. Мүшелермен бірге табаққа салынады.
Сүбе қабырға – етегімен алынған алты қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.
Қазы – семіз жылқыдан 20-24-ке жуық қазы айналдырылады. Басқа малдың ішегіне салып та айналдырылады.
Телше қазы – жылқының сүбесі. Телшені кей жерде сүрлемей жас күйінде асады.
Төс – күйеулерге берілетін таңдаулы мүше.
Мойын омыртқа – соғым сойған күні табаққа салынады немесе сойған кісіге шикідей беріледі.
Кәрі жілік – қолда болады, жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға бермейді.
Ортан жілік – қолда болады, кәделі жілік.
Асықты жілік – санда болатын соңғы кәделі мүше.
Тоқбан жілік – санда болады, ең еті көп жілік.
Жамбас – ірі малдың жамбасы екіге бөлініп асылады. Шұқыршағы кісіге салынбайды.
Жая – жылқының сауыр еті, оны сүрлеуге, қақтап кептіруге болады.
Бел омыртқа – кәделі мүше қатарына жатады.
Жүрек – көбінесе балалардың сыбағасы, қуырдаққа да қосады.
Бауыр – бауырды қатырмай пісіреді, қуырдаққа қосады. Дәстүр бойынша құдаларға «құйрық-бауыр» асатылады.
Көк бауыр – отқа көміп немесе асып жейді.
Бүйрек – балалар сыбағасы саналады.
Ұлтабар – ұсақ малдың көп бөлімді қарынның соңғы безді бөлімі. Ең майлы мүше, келіндердің сыбағасы.
Тоқ ішек – майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.
Ащы ішек – өкпе, бауырға қосып қуырылады, асып та жейді.
Қарын – етпен бірге қуырдаққа қосылады. Жылқы қарыны қарта орнына да жүреді, әрі бағалы тағам.
Өкпе – қуырдаққа қосады, пісірген кезде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.
Жал – жылқы етінің кәделі майлы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.
Сирақ – үйітілген сиырдың сирағынан тоңба (холодец) жасайды. Қой-ешкінің сирағы балалардың сыбағасы.
Бүйен – ертеректе май, ет тығып әсіп, жұмыр дейтін тағам түрлері жасалған. Уыз қатырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар