Туған жыл жарылқасын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын деген тілекпен, бүгін оқырмандар назарына өңіріміздің қадірменді ақсақалы, Жақсы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зияда Нұржанның Наурыз батасын ұсынамыз.

Наурызымыз құтты болсын, халайық,
Келген жылда ноян табыс табайық.
Дағдарыстан, нарықтан да тарықпай,
Пәк жүректе үміт отын жағайық.

Қазақ айтқан «Үмітсіз тек шайтан» деп,
Күнделікті еске соны алайық.
Тілің, ділің, дінің керек заманда,
Салиқалы ғұмыр кешкей ғажайып.

Тірлік деген ынтымақ пен бірлікте,
Жету үшін соған қолды созайық.
Оңалуда ахуалы халқымның,
Қиыншылық күннен-күнге азайып.

Сындарға да мойымайтын болайық,
Күн кешейік, көңіліміз тоғайып.
Елу елдің санатында көрініп,
Өркендеумен, сол қатарға озайық.
Әумин!
Зияда Нұржан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар