Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азық-түліктің тоғыз түріне шекті баға белгіленді - АРҚА АЖАРЫ

Азық-түліктің тоғыз түріне шекті баға белгіленді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы орталық базарда болып, ет және басқа да негізгі азық-түлік түрлерінің бағасына назар аударды.

Карантиндік режимге байланысты қазіргі уақытта өңірлерден облыс орталығына келіп түсетін еттің көлемі азайып кетті. Осының салдарынан ет сатушылар өздерінің сататын еттерін тұтынушыларға жоғары бағамен сатуға айналды. Атап айтқанда, еттің бір келісі 2300 теңгеге және одан да жоғары бағаға көтеріле түсті. Облыс әкімі мұндай жағдайға жол беруге болмайтынын атап көрсетті. Ол бекітілген баға шегін қатаң сақтауды талап етті. Осының нәтижесінде бүгінгі таңда сауда орындарына еттің үздіксіз түсуі қайта жолға қойылды.

«Орталық базар» акционерлік қоғамының директоры Дмитрий Игнатьевтің айтуынша,  ет өнімдері бойынша мәселенің туындағаны рас. Облыс орталығына кіретін жолдардағы бақылау бекеттерінде етпен жабдықтаушыларға арнайы талаптар қойылды. Қазір бұл мәселе реттелді. Соған орай, ет тапшылығы жоқ. Ал, бағаға келсек, белгіленген шекті бағаны сақтауға мүмкіндік бар. Қымбатшылыққа жол берілмейді.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев комиссияда бекітілген 9 азық-түлік түрінің әрбіреуінің бағасын мұқият қадағалау және сақтау қажеттігін атап өтті.

–Бүгіннен бастап бақылау бекеттерінде ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс материалдары, өнеркәсіптік шикізат кедергісіз өткізілетін болады. Бұл – бағаның сақталуына кепілдік береді. Мәселен, сүйегі бар бір келі еттің шекті орташа бағасы  аймақ  бойынша 1800 теңге тұрады және бұл баға солай сақталады,–деді аймақ басшысы.

Осы ретте, бұдан былай кәсіпкерлердің азық-түлік бағасын көтеруге құқы жоқ екендігін еске саламыз. Айталық, әрбір аймақта азық-түлік тауарларының 9 түріне шекті бағалар бекітілді. Осылайша, Ақмола облысында бірінші сортты бидай ұнының бір келісі 148 теңге, бірінші сортты ұннан пісірілген 550 грамдық бөлке наны 88 теңге тұрады. Бір килограмм сиыр еті 1800 теңгеден аспауы керек. Орамдағы макарон өнімерінің бір келісі 215, қарақұмық жармасы мен күріштің бір келісі тиісінше 339 және 307 теңге тұруы тиіс. Бірінші санатқа жататын жұмыртқаның оны 267 теңгеден, ал, күнбағыс майының бір литрі 417 теңгеден, тұздың бір келісі 51 теңгеден аспауы қажет.

Әлеуметтік маңыздағы өнімдердің бөлшекті шекті бағасын көтергендер үшін бірінші ретте 100 айлық есептік көрсеткіш, ал, осы жағдай жыл ішінде  екінші рет қайталанса, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген. Covid -19 вирусымен күрес біртұтас шараларды қамтиды. Бұған «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорны да өз үлесін қосуда. Өнеркәсіп орны антисептик шығара бастады. Облыс әкімі аймақ тұрғындарының атынан зауыт мамандарының орынды бастамасына алғыс білдірді.

Тұтастай алғанда еліміз бойынша аймақтарды төтенше жағдай кезінде үздіксіз қамтамасыз ету үшін 32 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. Сондай-ақ, стратегиялық маңызға ие экономика секторларын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені іске асырылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.       

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар