«Көкшетау Энерго» серіктестігінің электр қуатын тұтынушыларға ҮНДЕУІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусын жариялауына және төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты біз сіздермен бірге елдің экономикасының барлық секторларына, соның ішінде электр энергетикасына пандемияның аса теріс ықпалының куәсі болдық.

Құрметті электр энергиясының тұтынушылары!
Президент Қ.К.Тоқаев 2020 жылғы 16 наурыздағы өз сөзінде біздің Қазақстанның барлық азаматтарын тыныштықты сақтауға, бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды. Біз Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар қазақстандықтарға әлемдік қатерлерге қарсы тұруға көмектесетініне және бұл бізді одан да күшті ұйымшылдыққа жетелейтініне сенімдіміз.
Бүгін осы қиын уақытта «Көкшетау Энерго» ЖШС өз тұтынушыларын электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті күш-жігерін жұмсайды, өйткені, барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері электр энергиясына байланысты.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында біздің компания тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жеке тұлғалар үшін электр энергиясының тарифін 10 пайызға төмендету мәселесін пысықтады.
Сонымен қатар, Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 өндіруші компаниялары электр энергиясын бұрын бекітілген тариф бойынша босататынын атап өткім келеді, ал, осыған кепілдік беруші біздің өңірдің жеткізушісі – «Көкшетау Энерго орталығы» ЖШС осы компаниядан электр энергиясын алдын ала төлеу бойынша мерзімін ұзартпай жібереді.
Осыған байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым – «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС және энергия беруші ұйым – «Көкшетау Энерго» ЖШС-інің энергия өндіруші кәсіпорындар (станциялар), «KEGOC» АҚ және аймақтық электр желілік компаниялар алдында белгілі бір міндеттемелері бар екенін ескеру қажет. Міндеттемелер бойынша төлем болмаған не уақтылы төленбеген жағдайда, соңғысы электр энергиясын беруді шектейді, бұл өз кезегінде «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС барлық тұтынушыларын электр энергиясын жабдықтауда іркіліске әкеледі.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін электр энергиясы үшін төлемді үйден шықпай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен электрондық әмияндар бойынша, сондай-ақ, жақын жердегі төлем терминалдары арқылы жүргізуге болады. Кейін жұмысы қазір пысықталып жатқан мобильдік кассалық операторлардың қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.
Осыған байланысты, құрметті абоненттер, осы ауыр уақытта тұрмыстық қолайсыздық тудырмау үшін пайдаланған электр энергиясына уақытылы төлем жасап, жауапкершілік көрсетулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен,
«Көкшетау Энерго» ЖШС.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар