Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
24 сәуір – Рамазан айы басталады - АРҚА АЖАРЫ

24 сәуір – Рамазан айы басталады

Тілшіміз қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақмола облысының және Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлымен әңгімелесіп, бүгінгі жағдайда ораза айының өткізілу тәртібі жөнінде сұрап білген еді.

–Төтенше жағдайға байланысты тарауық және айт намазы қайда оқылады, жамағат садақаны қалай төлейді?
– Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас муфти
Наурызбай қажы Сағанұлы онлайн режимінде Рамазан айына байланысты жиналыс өткізіп, оған діни басқарманың аппараты мен барлық облыстың имамдары қатысты. Шариғаттың барлық талабы негізінде және еліміздегі астрономиялық зерттеу орталығының ғылыми мәліметіне сүйене отырып, биылғы жылы Рамазан айы 24 сәуірде басталатын болды. 23 сәуірде ниетке кіреміз. Осы күні тарауық намазы оқылады. Әлемде жұқпалы індеттің таралуына байланысты еліміздегі барлық мешіттер жабық тұр. Төтенше жағдай біткен соң мешіттерде намаз оқыла бастайды. Тарауық, жұма және бес уақыт намаз үйде оқылатын болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы ғұламалар кеңесі Рамазан айында кісі басына берілетін пітір садақаның мөлшерін белгіледі. Яғни, еліміздегі азық-түліктің, оның ішінде ұн бағасының орташа есебін ала отырып, жан басына шаққандағы пітір садақаның мөлшері 370 теңге, фидия садақасы 1700 теңге болып белгіленді. 2 келі ұнның бағасы 370 теңге тұрады. Мешіттер жабық болған соң пітір берушілерге қолайлы жағдай қарастырылып жатыр. Каспий және Киви терминалдары арқылы пітір төлеуге болады. Киви терминалында Науан хазірет атындағы мешіттің есеп шоты көрсетілген. Ол үшін садақа деп жазу керек. Әр адам мешітке келмей-ақ осы шотқа пітір төлей алады.
–Жыл сайын мешіттерде ауызашар беріліп, көптеген діни шаралар өткізілетін. Биыл жағдай қалай болмақшы?
– Рамазан айы мүмкіншілік айы. Осы айда көптеген адамдар жақсылық жасауға тырысады. Өткен жылдары бір кәсіпкердің өзі 300 адамға ауыз ашыратын. Қазір коронавирус пандемиясы. Дегенмен, қайырымдылық жасаймын деген жандар болса, оның өзге үлгісін қолдана алады. Қоғамымызда көмекке мұқтаж қаншама жандар бар. Сондай-ақ, республикалық деңгейде «Ел үлесі пәтер» жобасы іске асырылуда. Қолы ашық жандар ауызашардың есесіне әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға қол ұшын созып, шотқа ақша аудара алады. Қасиетті Қадыр түні мамыр айының 19-ынан 20-ына қараған түнге сәйкес келеді. Айт мерекесі 24 мамырда болады. Осы күні айт намазы оқылады. Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар