Онлайн режимде қызмет алуда

Облысымызда 200-ден астам ана жүктілік бойынша тағайындалатын жәрдемақыны онлайн режимде рәсімдеді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын тоқтатуына байланысты жүктілік, бала туу, күтуіне байланысты аналар жәрдемақыны онлай режимде рәсімдеуге көшті. Оның ішінде Ақмола облысында 200-ден астам ана жүктілік бойынша жәрдемақыны онлайн режимде рәсімдеді. Сонымен қатар, 260 астам ана бала туу және күтуіне байланысты жәрдемақыны үйде отырып онлайн режимде рәсімдеген.

– Бұрындар бұл қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып алатын еді. Қазіргі egov.k  порталында «Электронды өтініштер» арнайы сервисі арқылы жүзеге асыруға болады. Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап,жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс. Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар. Жәрдемақыны алудың үшін ең бастысы электронды – сандық қолтаңбасы болуы шарт. Оның халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ қашықтан рәсімдеуге болады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Ақмола облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, онлай режимде жәрдемақы рәсімдеген көкшетаулық жас ана Ақмарал Бекентаева: – Бала тууға байланысты жәрдемақыны онлайн рәсімдеу өте жедел әрі қолайлы. Төтенше жағдай кезінде енгізілген мұндай жаңашылдықты кез келген ана қолдайды деп ойлаймын. Өтінішті үйде отырып рәсімдеу анағұрлым тез, ең бастысы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барғаннан гөрі қауіпсіз. Бұл мемлекет тарапынан коронавирус инфекциясының таралауын болдырмау үшін қолған алынып отырған маңызды шара.

Сонымен қатар,  мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Осы арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

Аслан ОСПАНОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар