Судың деңгейі түсті, қауіп те жойылды

Облысымызда көктемгі су тасқынының қауіпі сейілді. Қауіпті аудандарға атанған құтқарушылар үйлеріне оралуда.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылығы наурыз айының басында облысымыздың төрт ауданына көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін 142 құтқарушы көмекке барды.

– Су тасқыны кезінде апатты құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен жасақталған 2410 құтқарушы, 1058 бірлік техника және 60 жүзу құралы, 251  мотопомпа әзірленді. Оның біраз бөлігі алдын ала Астрахан, Атбасар, Аршалы, Целиноград аудандарына жіберілді. Құтқарушылардың басты міндеті – төтенше жағдайды ескерту болатын. Қазіргі таңда аталмыш аудандардағы өзендер мен су қоймаларындағы судың деңгейі төмендей бастады. Сол себепті, қауіпті аудандарға көмекке атанған құтқарушылар үйлеріне қайта бастады. Жалпы, өңірде ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел алдын алу шаралары су тасқынын болдырмады, –  дейді Ақмола облысының Төтенше жағдай департаментінің бастығы Алексей Советов.

Су тасқынының қауіпі жоғары болған Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылының тұрғыны Петр Подоксенов қиын сәтте көмекке келіп, қол ұшын созған құтқарушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

– Биылғы қыста қар жылдағыдан көп жауды. Сол себепті су тасқынының қауіпі жоғары болды. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде келіп, көмек көрсетті. Тұрғын үйлердің маңы құм салынған қаптармен қоршалып, су сору жұмыстары жүргізілді. Соның нтәижесін бүгін көріп отырымыз, – дейді ол.

Айталық, өткен соңғы екі ай бойы құтқарушылар қорғаныс бөгеттерін нығайтып, осал тұстарына құм салынған қаптар төседі. Алға қойған міндеттерін абыроймен орындаған құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың құрмет грамотталарымен марапатталды. Қазіргі кезде, Ақмола облысының Азаматтық қорғаныстың аумақтық жүйесі жоғары дайындық режимінен қалыпты күйіне көшуде.

Аслан ОСПАНОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар