Брифинг

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» серіктестігінің басқарма төрағасы Берік Шәріп дәрі-дәрмектердің еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілгенін және 2020 жылға бірыңғай дистрибьютер 1385 атаулы дәрі-дәрмек бо-йынша 259 миллиард теңгеге келісім-шарт жасағанын баса айтты.

Барлық өңірлерге 86 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі толығымен жеткізілген. 47 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі емханаларға, алғашқы медициналық көмек көрсету орталықтарына келіп түскен. Осылайша науқастарға 27 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі қолма-қол тегін берілген. Қазіргі таңда медициналық мекемелерде тегін таратылатын
20 миллиард теңгеге жуық дәрі-дәрмек бар.
Ал, стационарлық деңгейде жыл басынан бастап 39 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілген. Бұл препараттар қазіргі таңда медициналық мекемелерде коронавирус індетін емдеу үшін де пайдаланылуда. Вирусқа лопиновир, ритиновир, гидроксихлорохин дәрі-дәрмектері және дене қызуын төмендетуге қолданылатын антибиотиктер өте кең ауқымда қолданылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар