Президент Жарлығына сәйкес коронавирус індетіне байланысты Ақмола облысы бойынша ерікті түрде әскери борышын өтеуге ниет білдірген 55 әскери міндетті арнаулы әскери жиынға шақырылды.

Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жергілікті органдары арқылы шақырылған әскери борышын өтеушілер коронавирус инфекциясымен күресуге атсалысатын болады.
– Арнаулы жиынға шақыру науқаны кезінде басымдық еріктілерге, тұрақты жұмысы жоқтар мен мүлдем жұмыссыз жүргендерге беріледі. Әскер қатарына жаңадан алынғандардың басты міндеті – коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға ат салысу. Оның ішінде, әскер қатарына алынған 32 азамат әскери қызметін блокбекеттерде атқарса, 23-і жергілікті полиция қызметімен бірге елді мекендерді патрульдеуге жұмылдырылады. Барлығы әскери қызметін тұрғылықты жері бойынша өткізеді. Олардың көбі үйлеріне барып, келіп жүреді, – дейді департаменттің аумақтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық жөніндегі басқармасының бастығы Мейрамбек Есмағамбетов

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар