Денсаулық

Әркімнің жұқтыруы мүмкін

Туберкулез диагнозы тек медициналық қана емес, сонымен бірге, көптеген әлеуметтік, психологиялық, тұлғааралық проблемаларды тудырады. Туберкулез ауруына шалдыққандар болмаса, мұны басқа адамдардың түсінуі оңай емес.

Туберкулез диагнозына эмоционалды реакция айтарлықтай психологиялық ауыртпалықтарға әкеліп соқтырады. Инфекция жұқтырған адамның психологиялық жағдайлары диагноздың көбінесе адам үшін күтпеген жағдайға айналатындығымен байланысты, әрі оны қабылдауға және жаңа өмірге бейімделуге уақыт қажет. Аурудың салдары қандай? Біріншіден, оның салдары адамның жеке басының жағдайына әсер етеді. Өлімге деген қорқыныш пайда болады. Екіншіден, туберкулез ауру адамның жеке басына әсер етеді: оның өзін-өзі бағалауы өзгереді (адам өзінің қабілеті мен орнын өзге адамдар арасында басқаша бағалайды), өзін-өзі құрметтеуі төмендейді, әлеуметтік маңыздылығын жоғалту сезімін тудырады, өзін-өзі тану, болашағын бақылауды жоғалту қорқынышы пайда болады.
Үшінші салдары – біржақты, қоғамға теріс көзқарасы (стигматизация және кемсітушілік). Науқаста қорқыныш пайда болады. Оны танитын біреулер біліп қалмасын деген оймен оқшаулана бастайды. Бұл әлеуметтік байланыстардан толық бас тарту болуы мүмкін. Мұның себептерінің бірі – өзін жоғалтуға деген реакция: «Бәрібір менен басқалары бас тартады, сондықтан, мен оны алдымен өзім жасағаным дұрыс». Сонымен, әлеуметтік-психологиялық салдарға тоқталайық. Оның бірі – стигматизация. Стигматизация дегеніміз қандайда бір ерекше қасиеттердің немесе белгілердің болуымен байланысты жеке адамға немесе адамдар тобына қатысты жағымсыз, теріс көзқарас. Стигматизация – бұл психологиялық фактор. Жалпы алғанда, адамдар басқалардың бақытсыз болғанын қаламайды, бірақ, олар басқалардың бақытсыздықтарын өздеріне қарағанда бақытты сезіну үшін қолдана алады. Стигматизация – бұл эволюциялық фактор болып табылады. Бұл – өмір сүру мен көбею тактикасы.
Стигманың үш ережесі бар. Бірінші ереже. Адамдар арасындағы айырмашылықтар маңызды болып саналады. Барлық адамдар бір-бірінен көптеген жолдармен ерекшеленеді. Көптеген айырмашылықтар маңызды емес. Бірақ, егер адамдар стигматизацияға ұшыраса, олардың айырмашылықтары маңызды және әлеуметтік маңызды болып саналады. Осы айырмашылықтарға қатысты адамдар бірден қарама-қарсы категорияларға бөлінеді (қара және ақ, зағип, көзі нашар көретін, туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырмайтын адамдар).
Стигманың екінші ережесі. Айырмашылықтары бар адамдар жағымсыз қасиеттерге баруы мүмкін. Мысалы, туберкулезбен ауыратын барлық науқастар қауіпті, кейбіреулері басқаларға жұқтырғысы келеді.
Туберкулезді тек халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары ғана жұқтырады деген пікір бар. Бұл тұжырымда шындық бар. Алкогольді, есірткіні пайдаланатын және асоциалды өмір салтын ұстанатын адамдарда ағзаның қорғаныш функциялары төмендейді. Бізде туберкулез әлеуметтік деңгейдің төмендігінің белгісі деп ойлағанымызға қарамастан, бәрі жұқтырылуы мүмкін. Бұл ауа арқылы берілетін аэрогендік инфекция және сіз мұғалім болсаңыз да, дәрігер болсаңыз да, банктің басшысы болсаңыз да, ешкім де инфекциядан қорғалмайды. Медицинада расталғандай, туберкулезбен ауыратындардан бактериялардың бөлінуі емдеу басталған соң 2-3 аптадан кейін басқаларға жұқпалы екендігін тоқтатады. Стигманы толығымен жою мүмкін емес, бірақ, тиімділігі дәлелденген екі әдісі бар. Бірінші әдіс. Білім беру, кемсітушілікке қарсы заңдар жасай алмайтын нәрсені жасай алады: адамдарға өз қорқыныштары мен сезімдерін қайта қарастыруға мүмкіндік береді. Адамдар вирустың таралуы туралы ғана емес, сонымен қатар, туберкулезге қатысты құқықтар, стигма және дискриминация туралы хабардар болуы маңызды. Екінші әдіс. Күшейту – «күш алу» – бұл эпидемиядан зардап шеккен адамдардың ішкі стигманы жеңуге, көпшіліктің көзқарасы мен кемсітушілікке қарсы тұруға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды игеру процесі. Күшейту сіздің жағдайыңызға және денсаулығыңызға қатысты шешімдерге тікелей қатысу арқылы және азаматтық қоғам мен мемлекеттің түрлі құрылымдарында мүдделеріңізді білдіру арқылы өз құқығыңызды қорғауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде теңсіздік пен кемсітушілік жеңіледі. Ағартушылық білімнің арқасында туберкулез туралы шындықты, қауесеттер мен қорқыныштарды білу жанашырлық пен қамқорлыққа жол ашады. Инфекцияға қарсы қорқынышты тез арада жеңу керек. Туберкулезбен ауыратын адамдар мен басқалардың арасындағы жалғыз айырмашылық – олардың диагнозы. Туберкулездің жұқтырылғанын түсіну маңызды: бұл – жай статистика немесе сандар да емес. Бұл тірі адамдардың тағдыры! Туберкулез диагнозы басқаларға да қойылып, онымен кез-келген адам ауруы мүмкін екенін түсінуіміз керек.
Татьяна ПЕГЛИВАНЯН,
Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің салауатты өмір салты маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар