Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!

Біздің даңқты жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, лейтенант. 1942 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, 1944 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірді. 1944 жылдың қазан айынан 1-Беларусь майданы 150-атқыштар дивизиясының құрамында Польшаны азат ету және фашистік Германия әскерлерін талқандау ұрыстарына қатысты. Берлин операциясы кезінде ерекше ерлік көрсетті. 1945 жылғы 30 сәуірде жауынгер Г.Булатов екеуі күндізгі сағат оннан кешкі алтыға дейін 360 метр қашықтыққа еңбектеп жетіп, ені мен ұзындығы 1 метрдей Қызыл туды Рейхстагтың кіре берісіндегі орталық есігінің маңдайшасына алғашқы болып тікті.
Суретте: Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар