Жақсы ауданы Запорожье ауылында тіс емханасында 5 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Даниил Щитканы білмейтін адам жоқ. Ол осыдан 10 жыл бұрын Астана қаласындағы жоғар медициналық колледжді дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша тәмамдап шыққан еді. Сол жылы өзі туған Жақсы өңіріне келіп, аудандық емханаға жұмысқа тұрады. Аудандық ауруханада біраз тәжірибе жинаған ол жеке кәсіппен айналысуды ойлап, 2015 жылы Запорожье ауылында тіс емдеу кабинетін ашады. Сол уақыттан бері осы ауылда қызмет етіп келеді. Әріптестері оны өз ісінің шебері деп санайды. Тәжірибелі стоматолог тісті жұлудан бастап, емдеу, қаптау, тіс салу сияқты емдеу қызмет түрлерін көрсетеді. Ауыл тұрғындары тіс дәрігерін қызметіне дән риза.

Суретте: тіс дәрігері Даниил Щитка.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар