Коронавирусқа шалдыққан науқастар саны көбейіп отыр. Індеттен сақтана біліңіздер!

 Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың отырысы өткізіліп, онда облыс аумағында коронавируске байланысты карантин шараларын күшейту мәселелері айтылды.  

Өңірлік жедел штабтың отырысында сөз алған облыс әкімі өңірімізде эпидемиологиялық жағдай күн санап ушығып бара жатқанын айтты. Бұған себеп – коронавирус жұқтырған науқастар санының көбейе түсуі. 483 адам медициналық бақылауда, – деді облыс әкімі.      –Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 12 маусымдағы жағдай бойынша облыста 186 адамда бұл қауіпті індет лабороториялық жолмен расталған. 152 адам аурудан айыққан. 381 адам үй карантинінде. Коронавирус ең көп тіркелген өңірлер астанаға іргелес елді-мекендеріміз. Өкінішке орай, соңғы екі аптаның ішінде коронавируске шалдығу көрсеткіші 2 пайызды құрап отыр. Бұл алаңдатарлық жағдай. Сол себепті, облыс әкім облысымыздың эпидемиологиялық қызметіне, басқа да жауапты мекеме басшыларына халыққа коронавирустің қаупін кеңінен түсіндіруді тапсырды. –Кейбір тұрғындар індеттің барына сенбейді. Коронавируспен бір рет ауырған науқас оны екінші қайтара жұқтырмайды деп ойлайды. Бұл жаңсақ пікір. Өз денсаулығымызға, жақындарымыздың денсаулығына барынша жауапкершілікпен қараған жөн. Соңғы күндері коронавирустің ешбір белгілері жоқ науқастар саны көбейіп отыр, – деді облыс әкімі одан әрі. –Орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты 13 маусымнан бастап облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы күшіне енеді. Соған сәйкес, ірі сауда нысандарының, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыттарына шектеу қойылады. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс істеуге жіберу бойынша шаралар қолға алынуда. Барлық шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қайта қаралатын болады.  Сондай-ақ, жедел штабтың отырысында облыстағы коронавируске шалдыққан науқастарды емдеумен айналысып жатқан медициналық мекемелердің дәрілік препараттармен толық қамтамасыз етілгені айтылды. Коронавирусті анықтайтын 2 ПЦР зертхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, ОЛИМП зертханасы базасында экспресс тестілеу жүргізіледі. Осы уақытқа дейін 54 мың адам коронавируске тексерілген. Облыс аудандарында сауда және  қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық талаптардың сақталуын тексеретін 19, ал, Көкшетау қаласында 6 мобильдік топ жұмыс істеуде.  Жедел штаб отырысында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина сөз алып, облыстағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Оның айтуынша, өз бетімен тексеріліп, коронавирус анықталған науқастар саны артқан. Егер мамыр айында 13 дерек тіркелсе, маусымның алғашқы аптасында-ақ бұл көрсеткіш 34 адамға жеткен. Бұл өсім 2,5 есені құраған деген сөз. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі күні облыста коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.    Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар