КӨКШЕТАУ: Күйген үш қыздың ортаншысы да көз жұмды

Осыдан бір апта бұрын Көкшетау қаласында өрт шыққан пәтерден құтқарылып, денелерінің 80-90 пайызын күйік шалып ауруханаға ауыр хәлде түскен 10, 7 және 5 жастағы апалы-сіңілі үш қыздың екіншісі де көз жұмды.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер қыздардың өмірін сақтап қалу үшін барын салды. Соған қарамастан денесінің 80 пайызы термиялық күйік алған 2013 жылғы қыз бала маусымның 20-да түнгі сағат 23:50 есін жимастан көз жұмды.
Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың 13-ші маусымнан 14-не қараған түні Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданындағы 14/3-үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан болатын. Өрт кезінде пәтерде болған үш қыздың екеуін көршілері құтқарушылар келгенше сыртқа алып шықса, ал, үшіншісін өрт сөндірушілер құтқарды. Қыздардың 2010 және 2013 жылғы екеуі 3-4 деңгейлі термиялық күйік алған, яғни денесінің 80 және 90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер олардың жағдайы аса ауыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрған айтқан еді.
Ал, үшінші – 2015 жылғы қыз бала Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына апара жатқанда жолда көз жұмды. Оның денесінің 90 пайыздан астамы күйіп қалған болатын.
Алпысбай СЕЙІТ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар