23 маусым –Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан Республикасының Полиция күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Қымбатты мемелкеттік қызмет саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік мекеме бүгінде ҚР Президенті мен Үкіметі айқындап берген еліміздің дамуы мен қалыптасуының стратегиялық бағдарын жүзеге асырудың негізгі базасы болып табылады.
Мемлекеттің қуаты мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін мемлекеттік қызметшілер мен олардың тиімді жұмыс істеуіне, тәжірибесі мен аянбай еңбек етуіне байланысты болмақ. Халық Сіздердің әрқайсыларыңыздан жоғары кәсіби біліктілікті, адамгершілікті, отансүйгіштікті, заңды мүлтіксіз сақтауды күтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасымыздың мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыру бағдарын жалғастыра отырып: «Мемлекеттік басқару жүйесіне меритократиялық негізде тек лайықты, білімді адамдар ғана келуі керек», – деп атап көрсетті.
Қазір әрбір мемлекеттік қызметшінің қызмет баспалдағымен өзінің жеке және кәсіби жетістіктері арқылы өсуіне мол мүмкіндігі бар. Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдарда қызмет етіп жүргендердің 82 пайызы жоғары лауазымды қызметтерге тағайындалды. Бүгінгі күні өңірімізде 5,7 мың адам мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуде.
Қазіргі пандемия жүріп жатқан күрделі кезеңде, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау елеулі өзгерістерге ие болды. Мемлекеттік қызметті электронды форматта ұсыну сапасы мен жеделдігі айтарлықтай жақсара түсті, төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемдерді мемлекеттік қызметшілердің арқасында мыңдаған ақмолалықтар уақытында алды, осындай және басқа да жайлар тұрғындардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беруде.
Өздеріңізге жүктелген міндет жауапкершілігін сезіне отырып, қазақстандық мемлекеттілігіміздің қалыптасуына, еліміздің экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін ерекше алғысымды білдіремін.
Қазақстан халқына қызмет ету сияқты абыройлы істеріңізге табыс, даналық пен сабырлылық, бейбітшілік пен тыныштық тілеймін.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтауы

Құрметті полиция қызметкерлері!
Қадірлі ішкі істер органының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен құттықтаймын! 23 маусым – Қазақстан полициясы үшін ерекше күн. 1992 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған еді.
Учаскелік инспекторлар мен тергеушілер, оперативтік қызметкерлер мен криминалистер, қатардағы сарбаздар мен офицерлер, ішкі істер органының ардагерлерін – таңдап алған істеріне адал болып қалған сіздердің баршаңызды мерекемен құттықтаймын!
Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз, Отанымыздың мүддесіне деген адалдықтарыңыз үшін терең ризашылық сезімін білдіруге әрі ардагерлерге құрмет көрсетуге мүмкіндік берген осы бір ерекше күні қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиған әріптестеріңізді де бір минут үнсіздікпен еске алудың маңызы зор. Өкінішке орай, осы кезең ішінде 29 ақмолалық полицей өз қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты.
Бүгінгі таңда біздің облыстың ішкі істер органдарында 3 мыңнан астам полиция қызметкері еңбек етуде. Облысымыздың елді мекендерінің көшелеріндегі тәртіп пен ақмолалықтардың тыныштығы, өз қауіпсіздігіне деген сенімдері тікелей соларға байланысты.
Коронавирус пандемиясы кезеңінде азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын қорғауға құрметті полиция қызметкерлері, Сіздер де жұмылдырылдыңыздар. Сіздер өз денсаулықтарыңызды тәуекелге тігіп, біздің аймақта коронавирустың жайылуын тежеуге елеулі үлестеріңізді қосып келе жатырсыздар.
Сіздерге өздеріңіз таңдап алған мамандыққа деген адалдықтарыңыз, нәтижелі қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің мойындарыңызда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етудің үлкен жауапкершілігі тұр. Ақмолалықтардың өмірі мен тыныштығын сақтау да сіздердің қолдарыңызда. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімдері сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, табанды азаматтық ұстанымдарыңызға және ерік-жігерлеріңізге тікелей байланысты.
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір және отбасылық игілік тілеймін! Өздеріңізге жүктелген кәсіби міндеттеріңізді адал орындап, қиын да жауапты істеріңізде жетістікке жете беріңіздер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет органдарының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет икемді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде ғана жетістікке жете алады. Мемлекеттің дамуына ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру көп жағдайда мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесі мен білімдеріне, кәсіби жеке қасиеттеріне байланысты болады.
Атқарушы және өкілетті органдардың бірлескен күш-жігерлерінің нәтижесінде әлеуметтік дамуға бағдар ұстанған мемлекетімізді одан әрі дамытып, халықаралық беделін көтеретін боламыз деп сенемін.
Осы абыройлы да жауапты қызметте нәтижелі жұмыс, мемлекетіміз алға қойған маңызды міндеттерді шешуде үлкен табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін!

Серік Аяғанов,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы.

Құрметті полиция қызметкерлері!

Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстан полициясы өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
Ақмолалықтар заң мен құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың тыныштығын сақтау міндетін мойындарына алған полиция қызметкерлерінің ауыр да жауапты жұмыстарына құрметпен қарайды.
Өз тәжірибелерін жастарға үйретіп, тәуелсіз еліміздің ішкі істер саласын нығайтуға үлестерін қосқан ардагерлерге айтар алғысымыз зор.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты полиция қызметкерлерінің жұмысы қиындай түсті. Осындай ауыр кезеңде уақытпен санаспай өздерінің кәсіби міндеттеріне адал болған полиция қызметкерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Еңбектеріңіздің әрдайым еленіп, айналадағы жұртшылықтың әрдайым ризалығына бөлене беріңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт, ел үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Серік Аяғанов,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар