Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолада медицина қызметкерлеріне баспана салынады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолада медицина қызметкерлеріне баспана салынады

Зеренді ауданының денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен келген 16 маман үй кезегінде тұр.

Бұл жай медицина қызметкерлерінің тұрақтап жұмыс істеуіне кері әсерін тигізіп тұр. Бүгінгі күні аудан бойынша 19 медицина қызметкері жетіспейді.

–Біз сияқты жас мамандардың алғашқы жарна төлейтін қаржысы және кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі де жоқ. Сондықтан, тұрғын үй, ұзақ мерзімді бағдарламаларға қатыса алмаймыз. Амалсыздан үй жалдап тұрып жатырмыз,–дейді дәрігер-педиатр Гауһар Шәріпова.

Баспана мәселесін шешу үшін наурыз айында 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаты жасалған болатын. Сараптама оң қорытынды шығарған, аудан орталығынан жер телімі де бөлінді. Тек қаражаттың тапшылығынан қаңтарылып тұр. Осы мәселеге көңіл бөлген облыс әкімі Ермек Маржықпаев таяуда өзекті мәселе сессияда қаралып, қаржы бөлінетіндігін мәлімдеді. Әкімнің уәдесіне қарағанда, медицина қызметкерлеріне арналған көп қабатты тұрғын үй алдағы жылдың бірінші тоқсанында толық аяқталмақ. Уәде үдесінен табылса, аудандағы ахуал да біршама жақсарып қалатындығы сөзсіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар