Азаттағы Алеся

Елiмiзде 2009 жылғы 1 шiлдеден бастап ауылдық жерлерде өмiр сүру деңгейiн арттыруға бағытталған және ауылдық аумақтардың қажеттi еңбек ресурстары – әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарымен кадрлық әлеуетiн күшейтуге бағдарланған «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттiк бағдарламасы жүйелі түрде iске асырылуда.

Маңызды бағдарламаға сәйкес, ауылға жұмыс iстеуге келген мамандарға бiржолғы көтерме жәрдемақы төленедi, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе үй салуға бюджеттiк несие бөлiнедi. Несие 15 жылға дейiнгi мерзiмге жылдық 0,01 пайыз мөлшерiнде берiлуде. Келiсiмшартты рәсiмдеу үшiн – жас маман ауылда бес жыл жұмыс iстеуi қажет.
Бүгiнде жоғары оқу орындары мен колледждердi тәмамдағаннан кейiн жұмыс жасау мен өмiр сүру үшiн ауылдық жердi таңдаған жастар аз емес. Солардың бiрi – Панюшкина Алеся Михайловна. Ол 2015 жылы Щучинск қаласындағы педагогикалық колледждi «Бастауыш сынып мұғалiмi» мамандығы бойынша сәттi аяқтады. Ақпарат құралдарынан «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы туралы естiген Алеся Ақкөл ауданының бiлiм бөлiмiне хабарласып, келiсiмшарт жасасудың ережелерiн бiлiп, тез арада көрсетiлген құжаттарын тапсырған болатын. Сөйтіп, жас маман 2019 жылы Азат ауылына көшiп, ауылдық орта мектепке жұмысқа орналасты.
Аз ғана жұмыс уақыты аралығында, Алеся Михайловна өзiнiң еңбекқорлығы мен кәсібіне адалдығы арқасында, Азат орта мектебiнің оқушылары мен әрiптестерiнiң iзгi құрметiне ие болды.
– Азат деп аталатын әдемі ауылға жұмыс iстеуге келгенiме ризамын. Ауылдық жерлерде жұмыс iстеу – оңтайлы тәжiрибе жинау үшiн сәттi мүмкiндiк. Сонымен қатар, ауыл мұғалiмдерiнiң жалақысы қалаға қарағанда жоғары. Жас мамандарға шынайы көмектесетiн осындай мемлекеттiк бағдарлама бар екенiне қуаныштымын, – дейдi Алеся Панюшкина.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы – діттеген арман мен табысқа жетудiң бiрегей жолы. Кәсiби өрлеу жолы да осылайша басталатыны анық. Алесяның өңіріміздің өзге аудандарындағы замандастарына ақ жол тілегіміз келеді.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Ақкөл ауданы.
Суретте: А.Панюшкина өлкетану сабағын өткізу үстінде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар