Ойхой, шіркін, ақбоз ат!..

Ойхой, шіркін, ақбоз ат,
Сенде тек бар бір ғажап.
Келе жатсың қазақтың,
Ерлерімен бір жасап.

Сені мінген Бауыржан –
Түспеген даңқ тауынан.
Шабысың бар, киең бар,
Тайбурылдай танылған.

Аппақ түсің ақ қардай.
Сол түсіңде бақ бардай.
Осы ақтығың, ақбозым,
Иеңді де сақтардай!

Екі аяқты көтеріп,
Шалт қимылға бер ерік.
Бурабайдың басында,
Сұлулыққа сен серік!..
Қ.КӘКЕНОВ.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар