Өртті бірден анықтаудың сенімді жүйесі

Автоматты өрт сигналдау жүйесі кез-келген заманауи ғимараттың инфрақұрылымының және әрбір объектінің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз ететін базалық бөлігінің ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Тіпті, қызмет көрсетіп жатқан қызметкерді жан-жақтан нақты бақылау барысында, түтіннің немесе оттың туындауын дәл кезінде аңғармау ықтималдығы бар. Әрине, кейде адамның өртті техникадан бұрын байқайтын жағдайлар болады, бірақ, жалпы алғанда автоматты өрт сигналы анағұрлым жақсы жұмыс істейді. Оның үстіне, оның адамдардың түсінуі қиын бірнеше атқаратын қызметтері бар. Және осыған байланысты автоматты өрт сигналдау жүйесін қолданудың негізгі үш себебі бар.
Біріншіден, өрт сигналдау жүйесі жану орнын барынша дәлдікпен белгілеуге мүмкіндік береді. Оларда шағын датчиктар қолданылады. Оларды кез-келген жерге, тіпті өте сирек қолданылатын жайларға жайғастыруға болады. Тура жөнге салу өрттің аздаған бастапқы белгілерін диагностикалауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, автоматты өрт дабылы ұзақ уақыт аралығында толық дербес жұмыс мүмкіндіктерінің есебімен өңделеді. Сапалы жобалау мен инсталяциондық жұмыс жүргізу кезінде олар ең төменгі қызмет көрсету мен техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Сол себепті, оларға кез-келген жағдайда толық сүйенуге болады.
Үшіншіден, автоматты өрт сигналдау жүйесінің қолдануының артықшылықтарын ескергенде, келесі жағдайға көңіл бөлмеуге болмайды. Заманауи ғимараттардың көбі, мысалы, сауда орталықтары, ауруханалар, тұрғын үй кешендері автоматтандырылған бақылау кешендерімен жабдықталған. Өртке қарсы сигнал осындай жүйелерде өте жақсы ықпалданады. Оны хабарлауда дабыл сигналын беруден басқа, өрт сөндіру модульдері, түтінге қарсы, желдетпелер, өртке қарсы қызметті шақыру автоматты түрде іске қосылатындай етіп қосуға болады. Төтенше жағдайлардың пайда болу кезіндегі осындай әдістеме оны жою үшін қажетті уақытты қысқартуға, ықтималды залал мен адамдар үшін қауіпті өрт факторларының қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Өрт туралы хабарлайтын автоматты жүйені жасаушылар үнемі жанудың анықталу тиімділігін арттыру үшін, оларды құруда, жаңа тәсілдер мен модульдерді енгізеді. Кеңсенің, үйдің немесе кез-келген басқа ғимараттардың заманға сай өртке қарсы кешенінің жабдықталуы – меншікті мүлікті қорғауда ғана емес, сонымен қатар, адам өміріне де тиімді әдіс болып табылады.
Заманға сай өрт дабылы өрттің бастапқы белгілері туралы уақытылы хабарлайтын кәсіпорынның ішкі күзет қызметімен қатар, сыртқы қызметінің толық техникалық құралдар кешенін бағдарламалық тұрғыда қамтамасыз етеді.
Автоматты өрт дабылының кез-келген құрылысы құрылғыларды орналастыру сызбалары мен кабельдік жолдарды орнату барысында орындалатын жобалық және жұмыс құжаттарын орындаудан басталады, энергияны тұтыну және автономиялық жұмыс уақытының есебі жүзеге асырылады. Жобалау жобаның осы түріне лицензиясы бар, мамандандырылған ұйымдармен жүргізіледі.
Азамат ЖАҚСЫБАЕВ,
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық
қорғау майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар