Тоғыз қабатты студенттер үйі – жастарға қамқорлық айғағы

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жаңадан салынған 560 орындық жатақханасында болып, ондағы студент жастарға жасалған қолайлы жағдайлармен танысты.

Университеттің ректоры Мәди Елубаевтың айтуынша, жатақхана құрылысына барлығы 600 миллион теңге қаржы жұмсалған. Студенттерге арналған 9 қабатты жатақханада қажетті жағдайдың бәрі қарастырылған. Жатақханада оқуға дайындалатын оқу залынан бөлек, студенттердің бос уақыттарын дұрыс өткізуі үшін қажетті жайлар да жасалыпты. Теннис залы, интернет кабинеті жұмыс істейді. Оған қоса, душ, кір жуатын бөлме, асхана бар. Ғимараттың дәліздері мен сыртында бейнебақылау камералары орнатылған.
Жатақханаға бірінші кезекте шалғай аймақтардан келген студенттер орналастырылады. Ол үшін өтініш берсе жеткілікті. Жатақхана ақысы да қолжетімді. Грантқа оқитын студенттер үшін 3 мың теңге, ақылы оқитындарға 10 мың теңге, ал, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер тегін жататын болады.
Жатақхананың ішін аралап көрген
облыс әкім Елбасы белгілеген бес әлеуметтік бастаманың үшінші бағытына сәйкес, студент жастарды жатақханамен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма өңірімізде ойдағыдай жүзеге асырылып отырғандығын атап өтті.
– Бүгінгі күні жастардың білім алуына қажетті барлық жағдай жасалынуда. Осы орайда, білім сапасы, жатақханамен қамту мәселелері жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының ішінде сіздердің білім ордаларыңыз жақсы көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Жаңадан салынған мына жатақхана соның бір айғағы, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Шара барысында жиналғандар ғимараттың ішін аралап көріп, заман талабына сай сәулетпен салынып, жабдықталған жатақхананың жай-күйімен жан-жақты танысты.

Аслан Оспанов,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар