Мектепке дейінгі балалық шақ!

Бала тәрбиесі мен білімінің ең алғашқы кілті ата-аналар мен балабақшаның рөлі өте маңызды. Ел болашағы жас буынның қолында сондықтан да рухани бай, тәрбиелі, білімді әрі жан-жақты тұлға етіп шығару бірлескен жұмыстың нәтижесі. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету керек – қоршаған ортанын да әсері мол.

Балабақша қабырғасын аттағалы бала ұйымшылдыққа, сыни ойлауға, өз ойын айтуға бейімделеді. Балаға таным, әлеумет, шығармашылық, денсаулық, қатынас салаларын қолдану арқылы жүйелі білім беру арқылы мектепке дайындығы бірте-бірте көрініс береді. Менің ойымша нағыз балалықтын бақытты шағы балабақша қабырғасында өтеді. Баланың ойлау қабілетіне танымдық шығармашылық әрекетінің дамуына саусақ жаттығулары мен ойындарының да әсері мол. Саусақ моторикасын дамыту баланың тілін дамытады, ойлау әрекетін және өздігінен шешім қабылдап ептілігін арттырады. Мысалы: Саусақ театры, түйме салу, бау байлау, жапсыру, оригами, дәстүрден тыс сурет салу табиғи заттарды қолдану арқылы әр-түрлі заттар жасау балалардың дамуына үлкен әсер етеді. Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Мен өзім балаларды қызықтыруды, баланың үнемі талпыныс үстінде болғанын, жас ұрпақтын саналы өсіп үлгі болғанын қалаймын. Тәрбиеші – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты, болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. Сондықтан да баққытты балалық шақ – бақытты болашақ.
Ақнұр БУКИНА,
Көкшетау қаласындағы
№4 «Еркемай» балабақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар