Берекелі күз – Алтын күз

Табиғат жаратылысы өзіне тән төрт мезгілімен ұштасады. Әр жыл мезгілінің өз сұлулығы бар.

Күз мезгілінде жауын-шашын көп болады. Бұл егіннің жақсы өсуіне үлкен септігін тигізеді. Күн де суыта бастайды. Ауа райының өзгергенін көрген құстар да жылы жаққа ұшады. Адамдар да жаздағы жеңіл, жұқа киімдерін қалыңдау киімге ауыстырды. Жеміс-жидектер де піседі. Неше түрлі тағамдар пісіріліп, әр үйдің әр күні мереке болады. Қаптаған астық, картоп, қауын, күнбағыс, жүгері. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Далада егін де, тоғай да бәрі де сап-сары болады. Сондықтан халық күзді Алтын күз дейді.
Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды. Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. № 4 «Еркемай» балабақшасының бақшасында №5 «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері де қызылша егіп, жаз уақытында оны күтіп баптап күзде жемісін жинады.
Көгершін АСҚАРОВА,
№4 «Еркемай» балабақшасының №5 «Айгөлек»
тобының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар