Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына диплом табыс етті. Марапатталғандардың арасында әріптесіміз – «Арқа ажары» газетінің фототілшісі, танымал журналист Советбек Мағзұмов та бар.
Биыл төртінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі конкурстың қорытындысы жазда, Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында шығарылған болатын. Бірақ та, карантин шараларына байланысты марапаттау шарасы кейінге қалдырылған еді. Мәжіліс Төрағасы «Парламент сөзі» сыйлығын табыстап, журналистердің Парламент жұмысын насихаттап, депутаттардың қызметін халыққа жеткізудегі рөлінің зор екендігін атап өтті.
Әріптесіміз – Советбек Мағзұмовты алған марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да осындай дүбірлі жарыстарда жеңістерге жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.