Ақмола облысында «Қыс 2020» республикалық штабтық оқу – жаттығу өтеді

2020 жылғы 5-6 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс 2020» Республикалық командалық-штабтық жаттығу шеңберінде, «қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбына арнайы тактикалық оқу жаттығу өтеді.
Оқу кіріспе жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.
Жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетінің деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Осындай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Құтқарушылар екі күн қатарынан теориялық режимде, яғни шартты түрде төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайды.
Барлық іс-шаралар карантиндік шектеулерді сақтай отырып, қашықтықтан жүргізіледі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар