Белгілі әнші ауруханаға қондырғы сыйлады

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, опера әншісі Төкен Ілиясов көпбейінді Ақмола облыстық ауруханасына коронавирус жұқпасымен күресте аса қажет болып табылатын, адамдарды дезинфекциялап, дене температурасын өлшейтін мобильді аппаратты сыйға тартты.

– Бұл ақылды аппарат қазіргі заманға сай технологиямен жасалып, Қытайдай әкелінді. Ол дене қызуының өлшемін бір секундта шығарады. Онда ешбір жуу құралынсыз, тозаңдандыру арқылы қолды зарарсыздандыру тетігі бар. Аппараттың ішкі дәлізіне кіргенде адамды басынан аяғына дейін тозаңмен дезинфекциялап шығарады. Қазір басқа мемлекеттерде індет қатты дендеп барады. Біздің облыста да індет біртіндеп белең алып келеді, жағдай күрделене түсіп жатқанын естіп, біліп жүрміз. Сондықтан, шамам жеткенше осы бір аппаратты әкелдім. Егер елім деген қалталы азаматтар осындай пайдалы аппаратты білім және денсаулық сақтау мекемелеріне орнатуға алып бергісі келсе, онда мен Қытайдан жеткізіп беруге көмектесуге дайынмын, – деді Төкен Ілиясов әңгімеге тартқанымызда. Аталған аппарат 2 миллион теңге көлемінде тұрады.
Белгілі мәдениет қайраткері Көкше жеріне осыдан 18 жыл бұрын Қытай елінен көшіп келген. Абайша айтқанда, «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші, қазіргі қиын кезеңде еліне пайдам тисе деген ниетпен осы ақылды аппаратты сатып әперіпті. Оның айтуынша, бұл аппарат Қытайдың барлық білім және медицина мекемелерінде орнатылған.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар