Естеріңізге саламыз!

Ақмола облысында COVID-19 пандемиясының тіркелуі жиілеп кетуіне байланысты 13 қараша күні сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында карантин шаралары одан әрі күшейтіледі.

Ақмола облысының аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу іс-шараларының жүргізілуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Ақмола облысының тұрғындары жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі қажет.

Коронавирустың алдын алу және тарату жөніндегі іс-шараларға тартылған ұйымдарды және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қоспағанда, Көкшетау қаласы, Краснояр ауылы, Чайкино кенті, Станционный кенті аумағы бойынша сағат 21.00-ден сағат 6.00-ге дейін тұрғындардың жаяу және автокөлікпен жүріп-тұруына тыйым салынады.

Ақмола облысының басқа өңірлеріндегі елді мекендер бойынша сағат 23.00-ден сағат 6.00-ге дейін тұрғындардың жаяу және автокөлікпен жүруіне шектеу қойылады.

Отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынды. Облыс тұрғындарының қоғамдық тамақтану объектілерінде (отбасылық, естелік іс-шаралар (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға), сондай-ақ үйде ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруына рұқсат жоқ.

Азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.

Әлеуметтік қашықтықты сақтап және жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне ғана баруға рұқсат берілді.

Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмеуі қажет.

Көкшетау қаласының әкімдігі Көкшетау қаласының карантин аймағына Ақмола облысында тұрмайтын адамдардың ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған анықтамасыз кіруіне жол бермеуді қамтамасыз етуге тиіс.

Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынды.

Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютер клубтары, түнгі клубтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметі де тоқтатылды.

Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға баруына болмайды. Ашық ауадағы аттракцион, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметіне, мәдениет объектілерінің (жеке, топпен репетиция), кітапханалар, мұражайлардың, театр, кинотеатр қызметіне тыйым салынады;

Бекітілген кесте бойынша санитарлық күн өткізе отырып, азық- түлік дүкендерінің жұмыс тәртібі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Ақмола облыстық полиция департаменті бекіткен тізім бойынша Көкшетау қаласы бойынша такси қызметінің жүріп-тұруы (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) сағат 21.00-ден 6.00-ге дейін шектеледі. Алаңы 500 шаршы метрден артық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің, азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін шектеледі. Ал, жексенбі және мереке күндері қызмет етуіне тыйым салынады.

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметі сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін шектелді, жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.

Жұмыс күндері қоғамдық көліктердің сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін жүруіне рұқсат берілді. Жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктер жүрмейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар