Мереке қарсаңында марапатталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ ақмолалықтарға «Қазақстан Конс-титуциясына – 25 жыл» және «Халық алғысы» медальдарын табыс етіп, марапаттады. Салтанатты шарада өңір басшысы жиналғандарға жылы лебізін білдіріп, Елбасының ел үшін жасаған ерен еңбегіне тоқталып өтті.

– Биыл Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Келесі жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Өркениетті елдердің барлығы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жолын мойындауда. Біз осы табыстарға халқымыздың, Конституцияның және Елбасының арқасында жеттік. Бұл мереке ел халқының Тұңғыш Президентке деген ерекше ықыласы мен шексіз ризашылығының құрметі деп санаймыз. Қазіргі таңда Қазақстан этносаралық келісімнің бірегей үлгісі болған бейбітсүйгіш ел ретінде әлемдік беделге ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сабақтастық рухын сақтап, Елбасы белгілеген ел дамуының негізгі басымдықтарын іске асырып келеді. Еліміз егемендік алған сәттен бастап қарқынды даму үстінде. Бұған ақмолалықтардың да үлесі бар. Ағымдағы он айдың қорытындысы бо-
йынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері қарқынды дамыған. Атап айтсақ, өнеркәсіпте 106,3 пайыз, ауыл шаруашылығында 114,2 пайыз, құрылыс секторында 111,7 па-йыз өсім бар. Инвестициялардың өсуі бойынша біздің облыс еліміз бойынша үздік үштіктің қатарында. Түрлі бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбек нарығында 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 13 мыңы тұрақты. Қазақстанның қазіргідей табысқа жетуі Елбасының еселі еңбегінің арқасында деп білеміз. Елбасының сарабдал саясаты елімізді дамудың даңғыл жолына бастады. Қазір ел халқын ғана емес, әлемді де коронавирус дерті дүрліктіріп отыр.

Осы орайда халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға тағы бір мәрте алғыс айтамын. Мереке қарсаңында әр шаңыраққа ынтымақ пен береке тілеймін, – дей келіп, өңір басшысы еңбегімен еленген бір топ ақмолалықтарға мерекелік медальдар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бастығы Күнсая Балғожина, Шортанды ауданының әкімі Ғайдар Қасенов, Ақмола облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Берік Мұстафин, Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігері Елубай Құрманов, Зеренді ауданындағы «Ақжол-2011» серіктестігінің механизаторы Асқарбек Дайыров, Аршалы ауданындағы «Ижевский» шаруашылығының агрономы Виталий Иванов, Қорғалжын ауданындағы «Қызыл Су-А» серіктестігінің агрономы Қайрат Құлмағанбетов және басқалар бар.
Сонымен қатар, іс-шара барысында облыс басшысы пандемия кезінде еселі еңбегімен көзге түскен Жарқайың, Бурабай және Сандықтау аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерінің қызметкерлерін «Халық алғысы» медалімен марапаттады.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар