Целиноград аудандық полиция бөлімшесіне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің «ВАЗ-21114» маркалы автокөлігін Қосшы кентінің «Лесная поляна» тұрғын үй кешенінен белгісіз біреулердің мініп кеткенін айтып арызданды.
Қылмыс орнына келген полицейлер жақын маңда, сондай-ақ, елді мекеннен тыс жерлердегі ғимараттарда орнатылған бейнебақылау камераларының бейнежазбаларын алып, сараптады. Жазбаларды қарап, тәртіп сақшылары ұрлық жасауға Жақсы ауданының 33 жастағы тұрғынының қатысы бар екендігін анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігі «Автомобильді заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлел болып табылатын көлік тәркіленді.
Анар АСХАТОВА.