Ақмола облысында сібір еліктерін атқандарға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

– Ақмола облысының Ақкөл және Шортанды аудандарында екі сібір елігін атып алған браконьерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 1-29 ақпан аралығында облыс аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурстар нысандарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бағытында «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы қолға алынды.

«Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері жыл басынан бері аң аулау ережелерін бұзған 75 адамды әкімшілік жауапқа тартып, балық аулау ережелерін бұзған 18 адамға әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша Ақкөл және Шортанды аудандарында екі сібір елігін ату дерегіне байланысты сотқа дейінгі 2 қылмыстық істі тергеуде», – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, заңсыз аң аулағаны үшін санатына қарай қылмыстық заңнамада 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу, иә болмаса 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Егер қылмыс ерекше қорғалатын аумақта не құрып кету қаупі төнген сирек жануарларға қатысты жасалса, онда кінәлі адам 6 мың АЕК дейін айыппұл арқалайды немесе 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

2023 жылы Ақмола облысында қабан, елік және ақбөкен тәрізді жабайы жануарларды заңсыз аулау деректері бойынша сотқа дейінгі қозғалған 13 тергеу шаралары аяқталды.

Еске салайық, бұдан бұрын Көкшетау тұрғыны шарбаққа қысылып қалған елікті құтқарғанын жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар