1 наурызда Ақмола облысында Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады

Бұл туралы Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Досұлан Айтбаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Спикерлердің айтуынша, сайланған кандидаттар сайланатын лауазымдардан басқа, “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалатын болады.

“Кандидаттарды іріктеу 6 бағыт бойынша өтеді: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, ТКШ және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру. Іріктеуге 35 жасқа толмаған және 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар жоғары білімі бар ҚР азаматтары қатыса алады”, – деп бөлісті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев.

Іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – құжаттарды қабылдау, ағымдағы жылдың 1-31 наурызы аралығында өтеді. Қатысу үшін үміткерлер жеке куәлікті, өтінішті, білім туралы дипломдардың көшірмелерін, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қамтитын құжаттар пакетін ұсынуы керек. Құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-портал арқылы жіберуге және пошта, сондай-ақ жеке ұсынуға болады.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар