Облыс әкімі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде болды

Облыс әкімі Марат Ахметжанов А. Мырзахметов атындағы Көкшетау ниверситетінің қызметімен танысты.

Оқу орны 9 корпуспен, Студенттер сарайымен, 2 жатақханамен, 45 оқу зертханасымен жабдықталған. Студенттер сарайы жалпы ауданы шамамен 8600 шаршы метрді құрайтын спорт кешені мен студенттік театрдан тұрады.

Ректор Сағынтай Елубаевтың айтуынша, нысан барлық халықаралық стандарттарға сай.

«Біз жыл сайын мұнда спорттық жарыстар, фестивальдар, байқаулар, мерекелер, концерттер, конференциялар, симпозиумдар мен кездесулер сияқты ауқымды студенттік іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді университет ректоры.

Келесі кезекте бас ғимаратта оқу, ғылыми, тәрбие жұмыстары мен инновациялық бағдарламалардың тұсаукесері өтті.

Тәрбие жұмысының ерекшелігі тек студенттер мен оқытушылардың ғана емес, сонымен қатар шетелдік профессорларды шақырудың академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Моңғолия сияқты елдерде шетелдік университеттердің орталықтары мен зертханаларын құру болып табылады. Болашақта Түркиямен орталық құру және университеттің шет елдердің
39 университетімен ынтымақтастығы бар.

Ғылыми қызмет цифрландыру мен жасанды интеллекттің оқу үдерісіне кеңінен енгізілуімен ерекшеленеді. Бұл бағыттағы жобалар үш бағыт бойынша жүзеге асырылады – гранттық қаржыландыру, коммерцияландыру және өз қаражаты.

Тәрбие жұмысына бойынша, барлық қолайлы жағдай жасалған  жатақхана салынды. Бұл бағыттағы жұмыстың ерекшелігі – босатылған кураторлардың болуы.

Инновациялық блокта оқу және ғылыми жұмыстарға арналған әдеттегі құралдардан басқа, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ғарыштық мониторинг бар.

Марат Ахметжанов университет қызметіне баға беріп, жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігі мен уақытылылығын атап өтті.

«Ғылыми көзқарас өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға және дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деді облыс әкімі.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар